Заң | 532 қаралды
532 қаралды

Егерде әйелі күйеуін және бала шағасын тастап басқа біреумен кетіп қалған жағдайда, әйел бала шағасына алимент төлейді ма? Қанша сумма төлейді? Шота, қатыным айнып жүр соңғы кезде... тәубасына келтіретін заң бар ма дегенім ғой?

Қайсар Жансақұлы
 

6 жауап

Хелло Қайсар және СЖ қолданушылары! Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі бойынша ер адаммен қатар әйел адам да тең дәрежеде алимент төлеуге міндетті. Егер алимент төлеу туралы өзара келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және(немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін; екі балаға - үштен бір бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін. Daniyar Sakenov
Жақсы Жауап
Әйел адам алимент төлемейді. Балаңызды мемелекет өз қамқорлығына алады немесе өзіңізге қалдырады.
Кәмелетке толмаған баласын тастап кетсе, әйел алимент төлейді. Сондай-ақ, қартайған ата-анасын бақпаса, балалары да алимент төлейді.
арине толейди ол киын емес менимен хабарлас барин тусиндиремин.87056918724
Белгісіз
Әйел мен ер адам толық құқықты, яғни әйелің балаларын тастап кететін болса, алимент төлейді, бірақ сізге сотқа жүгініп, соны дәлелдеуге тура келеді. Тағы бір заңды айта кетейін, ата-анасын тастап кеткен балаларынан да, сотқа жүгінсе ата-анасы алимент өндіруге болады.

Сотқа арыз беріп, алимент өндіріп алуға болады. Оның мөлшері бала санына байланысты. Ай сайын бір балаға табысының 4/1 бөлігін төлесе, екі балаға табысының 3/1 бөлігін, одан көп балаға табысының жарты бөлігін төлеп отыруға міндеттеледі. Алимент туралы тағы басқа маңызды сұрақтарға жауапты мына мақаладан оқи аласыз.

118,506 сұрақ
305,575 жауап
153,302 пікір
67,995 қолданушы