0 дауыс
1.2k көрілді
Әйел күйеуін тастап, қазіргі таңда басқа еркекпен тұрып жатыр. Күйеуімен бір рет ажырасып, сот күйеуін айыпсыз деп санап қайта қосылған болатын. Әйелдің тәртібі нашар, некеден ажыраспай тұрып, басқа еркекпен тұрып жатыр. Сол әйел заңды некеде тұрып, заң жүзінде ажыраспай жатып, күйеуінен алимент өндіртуге сотқа арызданыпты. Осы жағдайды қалай түсіндіріп бере аласыздар? Әйелдің іс-әрекеті дұрыс па? Бұрынғы күйеуі сотталмаған, ішпейді, тартпайды.

2 жауап

+1 дауыс
Алимент өндіру үшін ажырасу маңызды емес. Бірақ, алимент не себепті өндірілу керек екендігі толық дәлелдену қажет.
0 дауыс
Негізінен алимент алу үшін ажырасу міндетті емес, заңды түрде ажыраспай-ақ ала алады. Ол кісіде қанша баласы ба? алимент өндірудің мақсаты қандай?
...