0 дауыс
530 көрілді

Ешқандай документсіз жұмыс істеп жүрген жерден еңбек ақыңды бермей қойған жағдайда не істеуге болады?

Айкона Н

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Негізінде жұмысқа орналасарда Еңбек шартына отыруға тиіссіздер, бұл сіздің кепілдігіңіз. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 38 бабының 3 тармағына сай жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті үлгіде ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі. Сондай-ақ Сіз еңбекақыны, демалыс алу құқығынан, және де өзге де Кодекспен көзделген құқықтардан айырылмайсыз. Әйткенмен жұмыс істегеніңізді дәлелдеу қиынға соғады, Сізге еңбек инспекциясына жүгінуіңізді ұсынамын.
0 дауыс
Жігітше шешесің әйтпесе сотқа берсең де сот сені қорғап шыға алмайды. Себебі: сен жұмыс істеп жүрген жеріңде заңды істемегенің үшін
0 дауыс
Ешнәрсе істей алмайсың, себебі жұмысқа орналасудан алдың еңбек келісімшартын жасамағансыңдар.
...