0 дауыс
883 көрілді
Құрметті Білім министрі. Менің аты-жөнім Хасенова Жанар Сансызбайқызы, мен ағылшын тілінің мұғалімімін. Мен Сізге Алматы облысы Ақсу ауданы Кеңғарын ауылынан хабарласып отырмын. Менің Сізге сұрағым биылғы жылы 1-сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер ағылшын тілінен курсқа барады деп ауданнан хабарлады, аудандық білім бөлімінің бастығы Рамазанов Б. мырза. Біз жазғы демалысымыздан бөліп курсқа жіберумен қатар барған жолымыздың ішкен асымыздың ақысы төленбесе біз курсқа қалай барамыз, қалай күн көреміз 1 ай бойы? Құрметті Министр мырза менің сұрағым орынсыз дерсіз бірақ біз қазір ақылы демалыстамыз. Еңбек ақымызды ұстап қойғанбыз, алатын ақымыз 50-60 мың шамасында ғана. Ойланып көріңіз оны қайда жеткіземіз? Көмектесіңіз. Менің сұрағыма дүйсенбіге дейін жауап берсеңіз дұрыс болар еді. Сізге алдын ала көп көп рахмет. Көмектесесіз деп сенемін.

3 жауап

0 дауыс
Сұрағыңызды білім және ғылым министрлігінің ресми сайтына жазғаныңыз дұрыс.  Бұл  жерде ешкім сіздің мәселеңізді шешіп бере алмайды. Негізі курсқа баратын мұғалімдерге оқу үшін ақшалай  ақысы төленеді деп айтқан , сондықтан  алдымен ауданыңыздың білім бөліміндегі кураторлардан немесе методистерден, ол болмаса тікелей бастықтан /заведующий районным отделом народного образования/ Зав.РОНО-дан сұрастырып көріңіз.
Неге бұл сайтта  ешкім бұл мәселені шешіп бере алмайды деп кесіп айтасыз.  Шешіп беретін мамандар да отырады емес па бұл сайтта. Уақыты келе жауаптар жазылады, ол үшін асықпаған жөн.  Алаң болмаңыздар!
Бұл сайтта көбінесе мектеп жасындағы оқушылар отырады. Одан  кішілеу үлесті  студенттер  алып жатыр.  Сіздің ойыңызша олар  бұндай мәселені шеше алады ма?! Мысалы  ,сіз...  Мүмкін сіз шешіп көрерсіз ?! Хм , қолыңыздан келетініне күмәнім бар. Сондықтан уақытты құр босқа кетірмей (сұрақ иесінің дүйсенбіге дейін жауап беріңізші деген сөзін ескеретін болсақ) өз ауданының зав. районосына өтініш жазғаны дұрыс болады.  (;
Оқушылар қазір көп отырмай кетті, демалыста жүр. Негізі солар интернетті жақсы біледі. Басқа тиісті любой сайттарға кіріп жауап алып берудің жолдарын жақсы біледі. Оқушылар ғой, талай үлкен директорлардың, мұғалімдердің тірліктерін тындырып беріп жатқан,  мұғалім категорияға өтетін болса, оқушы оларға портфолие жасап, резюмелерін қатырып тұрып жазып беріп жатыр, талай мұғалімдердің  біліктілігін көтеріп жүрген негізі интернет сайттарына кіруді білетін, бірақ сабақ оқымайтын хакер оқушылар ғой. Көріп жүрміз мектеп мұғалімдерінің 95 пайызы интернеттің не екенін білмейді, компьютер туралы түсініктері жоқ,  бұл факт!.
Сіз өз пікіріңізде  мен өз пікірімде қала берейік (:
Менің Виталик деген жеке ученигім,әрі досым бар еді, ученик болғанда, ол 7 сынып оқитын кішкентай кезінен  менің бизнес центіріме келіп компьютер үйренді, мен оған көп жұмыстар беріп қоятынмын, 9-шы сыныпта компьютер арқылы директор, бастықтардың, бизнесмендердің бизнес пландарын жасап дайындап беретінбіз, қазақшаны жақсы біледі, любой сайттардан программалар алып енгізуді үйренген еді. Мектепке барады, бірақ ол планшетпен  құлағында наушник, интернетте жүретін, либой бүкіл мектептің математикасын 6 секундта жаңғақша шағып береді, ағылшынша жақсы сөйлейді, бірақ өзі кітап бетін ашпады, тақтаға шықпайды, мұғалімді тыңдамады, итернетке шетел сайттарына кіріп кеткен, сабағының бәрі 3 болды. Бәрі оны сабақ оқымады деп кінәлап жататын. Мектеп бітіре салып, өз күшімен Москвада  МГУ-да программист мамандығын оқып жатыр,(Оның 8-ші сыныптан бастап интернет арқылы МГУ-дің сұақтарына жауап беріп жүргенін мұнда мұғалімдері де түсінбепті) Америкада, Англияда практикаларда болады көбінесе, Американдықтар оны жұмысқа тртып жатыр.  Ал біздің ел ол баланың талантын байқамады да,түсінбеді да. Енді ондай гени жігітті Россияның өзі ақ Қазақстанға жібермейтін шығар...
Әрине солай болсын. Виталик туралы қысқаша пікірімді оқыдың ба?  Мен оның осы қызықты өмірі туралы кино немесе, анимациялық филмдер жасауды жоспарлап отырмын, сценериі дайын осы өмірден алынады,  рольдерде өзіміз ойнаймыз. Виталиктің өзі спонсор болуға жарайды.
Виталик үшін де  сіз үшін де қуаныштымын. Бірақ маған бұны айтып жатқаныңыздың себебін түсінбедім))
0 дауыс
Кешіріңіз мен кіммен сөйлесіп отырғанымды білсем деп едім. Және мен білім және ғылым министрінің сайты деп кіргенімде осы сайт т.б сайттар шықты. Сосын, ең қолайлысы министр мырзаға жаздым деп жазған болатынмын. Егер сіз министр мырза болмасаңыз ол кісінің сайтын жаза аласыз ба маған?. Алдын ала рахмет сізге.
Мен сіздің сұрағыңызды  білім министірінің сайтанан сұраған едім, еш нәтиже жоқ деген жазулар шыға берді.
0 дауыс
Бұл қалай болғаны сонда қазіргі мұғалімнің мәселесіне мән беріліп жатыр былайша айтқанда 1-сынып оқушыларын оқытатын мұғалімдерге ерекше көңіл бөлінеді дегені бос сөз болғаны ма? Министрліктегілерді түсінбеймін 50-60 мың алатын мұғалімдер өздерінен бай дей ме?
2015 ж. мұғалімнің айлығы 400 доллар еді.  Ал, қазір жаңажылдан бастап 200 доллар болып қалды,  көбейттік деп азайтып жіберді ғой.
...