+1 дауыс
724 көрілді
Мен осы жылы ЖОО н/е колледжге түспекшімін. Бірақ мамандық таңдай алмай жатырмын, сіздерден сұрарым: 1.өз мамандығыңызды, жұмысыңыз, кәсібіңіз қандай? 2.Сол жұмысыңызға көңіліңіз тола ма, оңай-қиын жағы? 3. Айлығыңыз өзіңізді және отбасыңызды асырауға жете ма? 4. ЖОО н/е колледжде оқығанда қаражат жағынан қиналдыңыз ба? 5. Қазір істеп жүрген жұмысыңыз қандай, оқуыңызға қатысы бар ма? 6. 4-5 жыл оқыған болсаңыз, дипломды алғаннан кейін жұмыс табу қиын болды ма? 7. Өз істеп жүрген жұмысыңыздан ләззат аласыз ба? 8. Мамандық және оқу орнын таңдарда кіммен ақылдастыңыз, кімнің қалауымен оқуға түстіңіз? 9. Жұмыс орныңызда әріптестеріңізбен жақсы тіл табысасыз ба, жұмыстан тыс араласасыз ба? 10. Маған қандай мамандық таңдауға кеңес бересіз?... Қазірге ойыма түскен сұрақтар осылар. Осыларға 1аптаның ішінде жауап берсеңіз, себебі 1 аптада мамандық н/е кәсіп таңдауым керек.

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
1. Мамандығым РЭТб, радиотехника, электроника және телекоммуникация. Қазіргі жұмысым колледжде оқытушылық.

2. Иа, көңілім толады, Құдайға шүкір, негізі менің мамандығым педагогикалық бағытта емес. Менің мамандығыммен телеком, телевидение, радио секілді жерлерде жұмыс істеуге болады.  Оңай жағы қара жұмыс емес, қиын жағы компьютерде көп отырасың, нервіңді құртасың, қағазбастылық көп.

3. Иа, Құдайға шүкір.

4. Қатты қиналмадым, себебі грантта оқыдым, ал тұратын жеріме үй ішім көмектесті.

5. Иа, қатысы бар.

6. Жоқ, дәл солы жылы жұмысқа орналастым, сондай-ақ көптеген группаластарым да сол жылы жұмысқа кірді.

7. :D Әй, білмеймін, бірақ студенттермен жүрген бір жағынан қызық, ал екінші жағынан...

8. Мамандықты өзім таңдадым.

9.Иа, Құдайға тауба, араласамыз, жұмыстан тыс уақытта да.

10. Көбіне физика мамандығына қатыстысына барсашы, техника жағына, меніңше, сол салалардан қазақтар аз секілді. Бұл енді менің ойым. :)
+1 дауыс
1. мамандық дейсін қай пан таңдағанын жазылмаптыго.   1.география тандап кнбга бару алла буйыртса. 2.төселесің шыңдаласың шыдасаң қиын мамандық жоқ. 3.барға қанағат қылу керек. жетема жетпима десең жетпиді. аллаға тауба десең аз ақшаның өзі жақсылық. (шын пейілмен айтып отырмын) 4. қиындықтар боладыго. ақшаны ЖООға толегенынмен журуын бар ышып жемын бар (тунгы клубка бармаганнын ознде). 5.қатысы бар. 6.әрине қиын жоғарыда таныстарың болу керек . и жумыстан шығып кетпеуын ушын крыша керек. 7. қаламаған мамандықтан алу киын. егер сийген мамандык болса лаззат аламын. 8.мектеп директоры боп істейтін туысым бар сол кісі көмектесті. 9.араласуын керек керек емес болса да, кейін кадеңе жарайды. есынде болсын ашуланшак болма жос соз сойлеме. 10. сены көрмегендіктен нақты мына мамандық деп айту киын ул қыз екенын белгысыз боп тур ренжыме. ул болсан военный дурыс. ойткены кыздар карайды. и 45 жаста пенсияга шыгасын зарплатан канша сонша толейды. кыз болсан акшасы коп туристык багытты танда улга да болады. дәрігер бол. нақты жауап бере алдым деп ойлаймын көмегім тисе куанамын.
Еркекпін брат
0 дауыс
Медицина мамандығы болғың келе ме? Ниетің бар ма?
Сұраққа - сұрақпен жауап бердің ба ) негізі медицинаның кез-келген мамандығымен адамдарға пайда келтіруге болады, менің де ойым адамдарға пайдасы тиетін маман иесі болу. Бірақ медицинаны оқуға қаражат көп кетеді, уақыт та көп кетеді, таңдау пәнім география және медицинаға қызығушылық болу керек, мен қатты қызықпаймын оған.
Алға !!!! Жауабымды сенен басқа ешкім оқымай ақ қойсын )))
Рахмет, жауабыңыз ұнады.
0 дауыс
Егер нақты өзің қалаған мамандығың болмаса онда экономист не заңгер мамандығын таңда. Бұлар әмбебап мамандықтар, кез келген мекеме, кәсіпорында және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге болады. Өзім екінші высший экономистпін. ЖШСнде мастер қызметін атқарамын. Жалақым 60 мың теңге. Одан бөлек ИП (жеке кәсіпкерлік) ашып қойғанмын. ИП-ан 20-30 мың түсіп тұрады. Көп ақшаның берекесі болмайды, жетіп тұрса болды.
қазір экономистпен заңгерден аяқ алып жүру мүмкін емес
...