Өмір, Тіршілік сұрақ қойды | 1.3k қаралды
1.3k қаралды
Түнде подезде қараңғы болса, жатар кезде бірденке тықыр ете қалса ұйықтай алмай тыпырлап жатамын. Қалай өз үрейімізді жеңуге болады?

3 жауап

жауап берді
Жатар алдында  бақара сүресінің соңғы екі аятын оқып жатсаң,жамандық болмайды деп жазылған діни сайттарда,жалпы құран сүрелерін оқып жүрген дұрыс,сонда қорқыныштан арыласың.Тіпті болмаса басыңа жастанып жат сүрелерді.Дәретпен жату керек.Қараңғы подъезде сотка жарығы немесе зажигалка жарығымен жарықтандырып ,бисмиллаңды білетін қауіп қатерге арналған дұғаларыңды айтып кір,қалтаңда  киімге себетін пышылдақ болсын,біреу ұрынса бетіне шашып жібересің,ал газ баллончик,тұз қауіпті,екі ортада көздері соқыр немесе тағы бір пәле болса,екі дүниеде сенен өш алмай қоймайтын жау табасың.Әдістерді де білген жөн,беттен ұстапайналдырып лақтыру т.б, Сен қылмыскер емес тылсым дүние қорқынышын сұрап отырсың ғой,одан құтқаратын тек қана дұғалар,жаттап ал,қалтаңа салып ал Нұрнаманы.
жауап берді
Қорыққанға қос көрінеді дейді ғой халық.Өзің тек  жақсылық болады деп жүрсең,жаманшылық туралы ойламасаң,ниетің түзу болса түк емес. Алла деп,намаз оқып жүрген адам ештемеден қорықпайды деп естігенмін.
жауап берді

Ой, бұл арада дабыл жүйесінен бір көмек боларына күмәнім бар. Мәселен, мен үйді қос-қостап құлыптап алсам да, қорқып жатамын. Өйткені, қорқақпын!))(( Бұрын студент кезімде өңкей Н.Правдинаның кітаптарында көрсетілген қытайлық Фэн-шуй ілімінің қағидаттарын қолданушы ем (жасөспірім шақта мұндайдың түрі болады емес пе?).. Сонда санаңды қорқыныш билесе: "Періштем менің! Білемін, сен менімен бірге келесің. Сен менің алдыма түс, мен сенің соңына ілесейін" деп айту керек деп жазылған. Қызығы, бойыңда кәдімгідей бір сенімділік пайда болады екен. (Көп қабатты қараңғы үйлердің подъездерінде тексерілген!)yes

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
117,644 сұрақ
302,103 жауап
153,341 пікір
64,842 қолданушы