Пластикалық карта - басылық ақшасыз есеп айырысу нысандарының бірі- олда дамыған елдер қолма-қол ақша айналысынан бас тартып, акшасыз нысандарға, атап айтқанда пластикалық (кредиттік жекедебеттік) карталарды пайдалануға көшуде. Пластикалық карталар қоғам және өзара каржы қатынастарының құрылымын елеулі түрде дамытты. Алайда пластикалық карталар төлем айналымының сенімділігін толық өзгежеде қамтамасыз етпейді. Жалғандық жасаудан келтірілетін ал жыл сайын көбейе түсуде, мұның өзі шығынның орнын толтыру үшін банкілерді арнаулы сақтық қорларын ұстауға мәжбүр етуде пластикалық карталардың басқа бір кемшіліктері жеке тұлғалардың арасында есеп айырысудың күрделілігі, осы мақсат үшін қолданылатын банкоматтар тым қымбат тұратын аппараттар
Төлем карточкаларымен есеп айырысулар - төлем карточкаларымен есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өндеу кұралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Төлем карточкалары екі түрлі дебеттік және кредиттік болып келеді.
Банктік карточканың мынадай өзіне тән реквизиттері бар:
- логотипі, яғни карточканың қай төлем жүйесіне тиісті екендігі, мысалы: «Master Card», «Visa» және т.с.с.;
- карточканың нөмірі (ол 16 саннан тұрады);
- карточка иесінің аты-жөні
- карточканың эмитентінің атауы;
- карточканың қызмет ету мерзімі;
- карточка иесінің қол қою үлгісі.
Қазіргі кезде көптеген эквайер банктеріміз ірі сауда үйлерімен өзара жасаған келісімшарт негізінде төлем карточкаларын шығаруды кездеп отыр. Мұндай карточкалардың иелері аталған сауда үйлерінде сауда жасағанда белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланады.
Ол үшін сауда үйінде ПОС терминал орнатылады. Мұндағы Pos-терминал дегеніміз сауда немесе кызмет көрсететін кәсіпорында банктік карточкаларға қызмет көрсетуге арналған құрылым. Құрылғылары орнатылады.
Pos (ағылш. Point of Sale — сауда орны) — эквайрер банкпен өзара жасалған келісім-шартка сәйкес, тұтынушылардың сатып алған тауарлар мен қызметтері үшін төлем құралы ретінде банктік картаны қабылдайтын, сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорын.
Қазақстан аумағында қолданылып жүрген карточкалар қолданылу аясына қарай екі түрге бөлійеді:
1. локальдық немесе оқшауланған, яғни бір елдің аумағында қолданылатын төлем карточкалары;
2. халықаралық, яғни әлемдік банктік тәжірибеде еркін қолданылатын төлем карточкалары.
Төлем карточқаларымен есеп айырысулар слиптің көмегімен жүзеге асырылады.
Слип (Pos-терминал немесе банкоматтың түбіртегі) — төлем карточканы пайдаланып операция жасалғандығын растайтын есеп айырысу құжаты.
Слип мынадай көрсеткіштерді қамтиды:
- Pos немесе банкоматтың идентифкаторы;
- Операцияның жасалған күн;
- Операция сомасы және валютасы;
- Эмитент банктің операцияларды авторизациялауды растайтын коды;
- Банктік карточканың өзіне тән белгілері;
- Слипте карточканы ұстаушының қолы.
Мұндағы, авторизация - эмитент банктің төлем карточкасын пайдаланып операция жүргізуге берген рұқсатын білдіреді. Авторизациялау процедурасы аяқталған соң эмитентбанк, банктік картаны (слип) пайдалану арқылы жасалған есеп айырысу және езге құжаттарды төлеуге байланысты міндеттеме алады.
Авторизациялау екі режимде: «он-лайн» және «офф-лайн» режимінде жүзеге асырылуы мүмкін.
«Он-лайн» режимі (ағылш. on-line — нақты уақыт режимі) — банктік картаны шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысы арқылы немесе магнитті штрихті картаны көмегімен жасалатын операцияны сипаттайды. On-line режимінде рұқсат алу үшін эмитент банкпен арада байланыстың болуы қажет.
«Офф-лайн» реэісимі (ағылш. off-line — қолжетімсіздік) — банктік карточканы шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысты қажет етпейтін, яғни чипті (микросхемалы) картаның көмегімен жасалатын операцияны білдіреді.
Эквайрер банк - банктік карточкалар көмегімен жасалтын операциялар бойынша Pos-терминалдармен есеп айырысуды жүзеге асыратын банк.
Қазақстанда 2000 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің құрылтайшылығымен жабық акционерлік қоғам нысанында «Процессингтік орталық» құрылды. Мұндай ұйымды құрудың басты мақсаты Қазақстанда төлем карточкаларын пайдаланудың біртұтас кеңістігін жасау болып табылды.
Ұлттық процессингтік орталық — төлем жүйесінің технологиялық ядросы болып саналатын мамандандырылған есептеу орталығы.
Ұлттық процессингтік орталық мынадай қызметтерді атқарады:
- төлем карточкалары бойынша транзакцияларды ендеп, қажетгі құжаттарды дайындау;
- төлем жүйесіне қатысушы банктер арасында өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған ақпараттар даярлау;
- телем карточкаларын, соның ішінде халықаралық төлем карточкаларын пайдалану аркылы жүзеге асырылатын төлемдер клирингін ұйымдастыру;
- төлем жүйесіне катысушы банктердің үстеме шығыстарын азайту мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен бағдарламалық-техникалық құралдарды көтерме бағамен жабдықтаушылар арасынын байланыстыру жұмыстарын ұйымдастыру;
- қатысушы банктерді техникалык және ақпараттык жағынан қолдау;
- төлем карточкаларын қабылдау торабын ұйымдастыру .
Пластикалық карточкалар банк ісіндегі «технологиялық» революцияның маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Қазақстандағы төлем карточкаларын шығаруға байланысты қызметті лицензиялайтын, оларды шығаруға және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейтін жалғыз орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімемлекетгік мекемесі болып табылады.
Қазақстандағы төлем карточкаларының нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Олардың бірінші шығарылымын Иртыш-card бірінші жүйесін іске қоса отырып, «Қазақстан халық банкі» АҚ жүзеге асырды. Қазіргі уақытта республикада ел аумағында қолданылатын жергілікті (Altyn, Иртыш-card, Alem-card, «Каспийский банкі» ААҚ-нын, карточкасы) және сол сияқты ел аумағында және де одан тысқары қолданылатын халықаралық (VISA, EuroCard/ MasterCard, Cirrus/Maestro American Express) төлем карточкалары пайдаланылады.
Импринтерлер мен төлем терминалдарының көп болуына қарамастан, Қазақстандағы төлем карточкаларын ұстаушылар бұрынғыша, карточкаларды негізінен қолма-қол ақша алу үшін пайдаланады және оларды тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін есеп айырысу құралы ретінде аз пайдаланады.
Төлем карточкаларын саудада тауарлар мен қызмет керсетулер үшін есеп айырысу құралы ретінде пайдалану пайызының төмен болуына қарамастан, белшек саудада қолма-қол жасалмайтын төлемдерге өтудің сөзсіз болатынын және мемлекет үшін салықты тиімді жинауды, қолма-кол ақшаның көлеңкелі айналымын азайтуды, ақша айналымын бақылауды күшейтуді білдіреді. Төлем карточкасы ұсақ бөлшек тауар-ақша айналымындағы қолма-қол ақша массасын экономикаға тартудың, оны қолма-қол жасалмайтын айналымға аударудың неғұрлым қолайлы құралы.
Төлем карточкасы — бұл ақша емес, карточка ұстаушыға төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және карточкасының эмитенті айқындаған және оның талаптарымен басқа операцияларды жасауға мүмкіндік беретін ақпараттан тұратын электрондық терминалдар немесе өзге құралдар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалту дегенді білдірмейді: олар толық сақталады.
Карточка ұстаушының тауар алуы оны ұсынған бойда жедел жүзеге асырылады, ал сауда ұйымының ақша алуы банкке орындалған операция туралы хабарлау үшін және оның шотынан ақша аударуға қажетті уақыт өткеннен кейін жүргізіледі.
Төлем карточкаларына қызмет көрсету барысында туындайтын төлем міндеттемелерін орындау кепілгері осы карточканы берген банк болып табылады. Төлем карточкаларының мынадай түрлері болады: дебеттік,кредиттік және дебет-кредиттік.
Дебеттік карточкасы клиенттің карт-шотындағы ақша сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дебет карточкасының ұстаушы бола отырып, сіз банкке бұрын енгізілген ақша сомасын ғана жұмсауға мүмкіндік аласыз. Кредиттік карточкасы эмитент банк берген заем сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Дебет-кредиттік карточкасының кемегімен өз қаражатын және сол сияқты банктің заемын пайдалануға болады.
Төлем карточкалары корпоративтік болуы мүмкін. Олар қандай да болмасын занды тұлғаның қызметкерлеріне шығыстарды, мысалы іс сапар шығыстарын төлеу үшін беріледі. Осындай карточкалар банкте ашылған жалпы карт-шотқа байланысты.
Әрбір нақты карточка үшін лимит белгіленуі мүмкін, оның шегінде заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндігі болады. Банк практикасында магнит жолағы және орнатылған микропроцессоры бар карточкалар қолданылады.
Қазіргі уакытта сыртқы жағына орналасқан, ұстаушының жеке басын бірегейлендіру үшін қажетті деректер жазылған магнит жолағы бар карточкалар ең көп таралған. Төлем карточкасын тиісті оқитын құрылғыға салған кезде жеке деректер операцияны жүзеге асыруға рұқсат алу үшін желі бойынша жіберіледі. Әдетте, карточка жоғалған немесе ұрланған болып табылатыны не табылмайтыны, шоттағы қаражат жеткіліктілігі (дебет карточкалары үшін), заем лимитінің асып кетпеуі (кредит карточкалары үшін) тексеріледі.
Қолма-қол ақшамен салыстырғанда төлем карточкаларының анық артықшылықтарынан басқа, оның ұстаушысы өзімен бірге қолма-қол акшаның көп сомасын алып жүру қажеттілігінен және оған байланысты тәуекелдерден құтылады. Карточканың иесі банктегі шоттағы ақша қалдығына сыйақы, сауда ұйымдарында сатып алу кезінде жеңілдіктер алады. Төлем карточкаларыңыз бар болса, сізде үнемі ақша болады, ол ақшаны жоғалтып алудан қауіптенбейсіз, кеденде мәлімдемейсіз, әлемнің кез келген елінде тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін ақы төлеу кезінде айырбастамайсыз.
Төлем карточкалары жүйесіне қатысудан сауда ұйымдары да пайда алады: сатып алушылардың саны өседі, айналым ұлғаяды, қолма-қол ақшаны сактау, өндеу және тасымалдау шығыстары төмендейді, жасалған барлық төлем операцияларын есепке алу және бақылау сапасы жақсарады. Карточкаларды жүргізу банктерге клиентгерді тарту және қызмет көрсету бойынша кеңестіктік шектеулерді жеңуге мүмкіндік жасады.
Төлем карточкасы банк филиалдарынан мындаған шақырым жерлерде операциялар жасауға мүмкіндік жасайды.
Төлем карточкаларының нарығы қаржы секторының болашағы бар бағыттарының бірі бола отырып, жедел және тиімді қаркынмен дамуда.
Қазіргі уақытта нарықта қызмет көрсетудің үлкен ассортименті бар және әр түрлі карточкалық бағдарламалардың айтарлықтай мөлшері ұсынылады. Мәселен, төлем карточкасының көмегімен дүкендер мен мейрамханаларда тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін есеп айырысуға, коммуналдық қызмет, байланыс қызметі үшін ақы, салық және кеден төлемдерін төлеуге, кредиттерді өтеуге, карточкадан карточкаға ақша аударуға болады.
Сондықтан Қазақстанның тұрғындары барған сайын тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізушілердің пайдасына қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүргізу кезінде төлем карточкаларын пайдалануды дұрыс көреді.