0 дауыс
483 көрілді
Қаржы нарығында жедел ресурс ретіндегі банктердің несиелері?

1 жауап

0 дауыс
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.

Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк жəне арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кəсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу. Несиенің түрлері коммерциялық жəне банктік несиеден туындайды. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне əр түрлі несиелер береді.

Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:

1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:

• мақсатты қорларға;

• банктерге;

• қаржы-несиелік мекемелеріне.

2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

• өнеркəсіп салаларына;

• ауыл шаруашылығына;

• саудаға;

• дайындау ұйымдарына;

• жабдықтау-сату ұйымдарына;

• кооперативтерге;

• жеке кəсіпкерлерге.

3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

II. Мерзіміне қарай:

• қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

• орта мерзімді (1 жылдан 3 –5 жылға дейін);

• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

III. Тағайындалуы жəне пайдалану сипатына қарай:

• негізгі қорларға жұмсалатын;

• айналым қаражатына жұмсалатын.
...