+1 дауыс
16.5k көрілді
Болашақта жоғары сұранысқа ие мамандықтар қандай? Ол үшiн қандай пән таңдау? Сол туралы және тағы басқа толығырақ мәліметтер керек.

6 жауап

0 дауыс
Менің ойымша болашақта жоғары сұранысқа ие мамандық - дәрігер мамандығы. Қазіргі таңда Қазақстанда білікті дәрігерлер аз. Білемін, бәрі де дәрігер мамандығы "жаман, адам тез қартайады, 7-8 жыл оқуым керек, өмірімнің жартысы кетіп қалады" , - деп жатады. Бірақ сол 7-8 жыл оқып білікті дәрігер болып шықса қандай керемет!  Адамдардың қуанышына себепкер болып, қаншама адамды құтқарасың. Сол себепті де болашақта да, қазір де сұранысқа ие мамандық - дәрігер.

Бұйыртса, менің мамандығым дәрігер болмақ.))
Ниетіңе жет. Ия дәрігер жақсы мамандық. Бірақ менің түсінігімде мейлі дәрігер бол, мейлі аспазшы, мейлі сваршик бол. Ең бастысы өзің қалаған мамандықтың маманы бол. Сол кезде шын ниетпен ізденіп, өз салаңның нағыз маманы болып шығасың.
Рахмет. Дұрыс айтасыз, бастысы өз жұмысыңды қалап жасасаң болғаны.))
Ереке дұрыс айтасыз:
Өмiрде ең басты- iстеген iсiңдi жақсы көру. Тек осылай iстiң нағыз маманы бола аласың.
© Дональд Трамп

Жаныңа лайықты жұмысты таңдасаң, өмiрiңде жұмыс жасауға тура келмейдi.
© Конфуций
Белгісіз
+1 дауыс
Қазіргі кезде программистер және жоғарғы технологиялық мамандар өте үлкен сұранысқа ие. Шарт мамандығыңды жақсы білуің керек.
0 дауыс
менің ойымша ҚазҰАУ(КазНАУ) яғни қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі ауыл шаруашылық мамандары деп ойлаим. Дипломмен ауылға дегендей. Бірақ Алматы қаласындағы КазНАУ университетінде ұлдарға оқу қиын. Ашығын айтқанда система бар. Бірақ өзіңе сенімді болсан әрине: Сені қорқытқаным емес бірақ біз оқуға түскен жылы яғни 3жыл бұрын 1ші курстың өзінде ақ қанша бала грантқа түсіп қорқып қашып кетіп жатты. Ата аналары бекрге сорлап қалды. Мен өз көзіммен көрген оқиға.
0 дауыс
Мен Ерболдың (админ) айтқанымен 100% қосыламын. Мамандықты сұранысқа ие болуына байланысты, еңбекақысына байланысты таңдаудың қажеті жоқ. Себебі ол мамандық өз көңіліңнен шықпаса, маман атана алмайсың. Қазір кез келген мамандық сұранысқа ие. Болашақтада барлық мамандық иелеріне сұраныс болады. Тек өзің маман болуың керек.
0 дауыс
Менiң ойымша заман дамыған сайын барлық iс-әрекеттер компьютерленiп барады. Сондықтан жоғары сұраныстағы мамандық компьютерлiк мамандықтар болатынына таңғалмаймын. Болашақта, бұйыртса 2030ға дейiн болып қалар.
0 дауыс
Егер сіз өмір жолыңызды енді бастаған болсаңыз, болашақта молшылықта, жаныңыз қалаған іспен айналысып бақытты және бақуатты тірлік кешуге жағдай жасайтын мамандық - интернет-бизнес, оның ішінде емайл-маркетинг дер едім. Неге десеңіз, тіпті, ондаған мың доллар жалақы алып тұратын мамандық алсаңыз да сіз ешқашан байып, қаржылық жағынан қиындық көрмей бақуатты өмір сүре алмайсыз. Жан-жағыңызға көз салып қараңызшы, неғұрлым жалақысы көп болған сайын, адамның шығыны да өсе түседі. Олар уақытпен санаспай көп жұмыс жасайды және күн сайын өсіп бара жатқан шығындарын жабу үшін бар тапқанын жұмсайды. Тағы бір кемшілігі, сіз бастығыңызға тәуелді боласыз. Оған ұнамай қалсаңыз, жұмыстан айрыласыз. Сондықтан соның ығына жығылып, жағымпаздықпен күн кешуіңізге тура келеді. Ал интернет-бизнес сізге бауқаттылық және қаржылық толық тәуелсіздік әпереді. Сіз Құдайдан басқа ешкімге тәуелді болмай, жаныңыз қалаған іспен айналысып, бос уақытыңызды жақындарыңызбен өткізіп, ел көріп қыдырып, бұл дүниенің қызығын көресіз және қайрымдылық шараларына қатысу арқылы сауап алып, о дүниенің игілігін табасыз. Өткен бір жылдың ішінде емайл-маркетингпен айналысатын ресейлік Александр Иваншин деген интернет-бизнесмен 3,5 миллион доллар тауыпты. Қазіргі ең болашағы зор мамандық интернет-бизнесте, өйткені барлық ақша ғаламторға еніп жатыр...Интернет-бизнеспен айналысуға қажетті білімді қайдан алуға болады? Бұл жөнінде жан-жақты және толымды жауапты http://meninvestormun.com/ блогынан ала аласыз.
...