0 дауыс
1.6k көрілді
Мемлекеттің дамуында тікелей шетелдік инвестициялардың орны мен рөлі?

1 жауап

0 дауыс
Қазақстанның инновациялық жолмен экономикалық одан әрі дамуын ынталандыру үшін тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) мүмкіндіктерін барынша пайдалану және олады тарту үрдістерінің тиімділігін арттыру қажет. Бұл шетел капиталының ТШИ нарығында қазіргі замандағы дағдарыс жағдайында реципиент елдердің бәсекелестігімен, елдің экономикасын ауқымды модернизациялау қажеттілігімен және экономикалық дамудың экстенсивтілік түрінен қарқынды, инновациялық түріне басымырақ ауысуы арқылыоның инвестициялық және инновациялық әлеуетін арттырумен байланысты.

Осыған байланысты Қазақстанның экономикасық өсуінің инновациялық түрі факторының бірі ретіндегі шетел тікелей инвестицияларының орны мен рөлін анықтау көкейкесті болуда.

Негізгі мәселелер

ҚР-ның инвестициялық тартымдылығы
Шетел инвестицияларын тартудағы мемлекеттің белсенді рөлі
Мүдделер құқықтарын қорғау кепілдігі
Инвестициялық артықшылықтар
Экономикалық өсу факторы ретіндегі тікелй шетел инвестицияларының рөлі Нәтижелері:

1.Қазақстанның – тартымды инвестициялық климаты бар елдің оңтайлы бет-бейнесін құру

2.Әлеуетті шетел инвесторларының белсенділіктерін арттыру

3.ҚР экономикасының басым салаларына ТШИ қарқынын жақсарту

4.Жаңа бағыттағы экономикалық саясатқа – «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес, инвестициядан және бәсекелестіктен қайтару, пайдалылық қағидасына негізделген, тегіс қамти алатын экономикалық прагматизмге нақты қадамдар жасау.

Тікелей шетел инвестицияларына қатысты:

капитал шығарудың субъектілері;
тікелей шетел инвестициялаудың себептері;
тікелей инвестицияларының экономикалық эффекттері;
тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау.

Қазіргі таңда әр түрлі сфераларға салынатын тікелей шетел инвестицияларының тез өсу тенденциясы айқындала түсті. Капиталды шетке шығарудың алғашқы кезеңінде капиталдар көп жағдайда дамыған елдерден алынып, тәуелді елдерге шығарылды.

Қазақстан экономикасында тікелей шетел инвестициялары біріккен кәсіпорындар  және 100% шетел капиталы бар кәсіпорындар түрінде ұсынылады (көрсетіледі). Республикада 2003 жылы мұндай кәсіпорынның 6597-сі қызмет етті және Алматы, Астана  қалаларында және Атырау облысында орналасқан.

Қазіргі кезде көптеген біріккен кәсіпорындар халық тұтынатын товарлардың импортымен айналысады. Мұндай импорттың белгілі бір артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мұндай жағдайларда мемлекет экономикалық механизмдерді ескере отырып, осы бағыттағы біріккен кәсіпорындар қызметін бақылап, ынталандыруы керек. Әсіресе салық жеңілдіктерін қажет ететін инвестициялық товарлардың импортын ынталандыру керек.

Біріккен кәсіпорындар өзінің қызметтерін ішкі рынокта да атқарады. Шетел инвесторлары Қазақстан экономикасының шикізат саласына инвестиция салғанды көздейді, әсіресе таукен өндірісі және жылу энергетикалық кешені таукен өндірісі кешенінде ”MINPROKCHILEVICH” және “НАК”, “Алтын - Алмас” фирмалары арасында Семей облысындағы алтын-мышьякті кендерді өндіруге арналған біріккен кәсіпорындар құруға тартылған тікелей шетел инвестицияларын мысалға келтірсе болады. Күтілетін инвестиция көлемі 198 млн.$ жылу энергетикалық кешенінде тікелей шетел инвестициялары негізінде мұнай мен газды өндіру мен іздеу салаларына салынады. Біріккен кәсіпорындардың ішінде белгілісі “TENGIZ - SHEVROIL” АҚШ-тың “SHEVRON OVERSEAS” компаниясы мен бірге олар тенгиз және Корольдік мұнай кен орындарын игереді.

   Шетел инвестициясын тиімді тартып қолдану үшін инвестицияның ағымын ынталандыратын факторларды ескеру қажет.

Қазақстанда соңғы жылдары инвестициялық жағдайдың жақсаруына қарамастан, инвестициялар бойынша шетелдiк кеңесшiлер аудиторлық және заң фирмаларын қоса алғанда, коммерциялық және экономикалық сұрақтар бойынша шетелдiк елшiлiктердiң атташелерi (олар қызығушылық бiлдiрiп, бiрақ инвестициялауға толық шешiм қабылдамаған мүмкiн инвесторлармен тiкелей таныс) қазiргi күнге дейiн республикада келiссөздер жүргiзу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн сәйкесiнше жағдайлар жасалмаған деп есептейдi. Олар инвестициялық жағдайлар бойынша халықаралық индекстердi дәлелге алады, мысалы, ЕБРР (Европалық қайта құру және даму банкi), ол бойынша Қазақстан қолайлы емес инвестициялық жағайлары бар елдер қатарына жатады. Олар жемқорлық, мәліметтерді жиі бұзу, инвестициялауды жүзеге асырудағы жоғары шығындар, виза дайындаудағы қиындықтар мен жергiлiктi iскер серiктестерiнiң сенiмсiздiгi туралы айтады. Осы проблемалардың бәрi инвесторларды кен өндiру өнеркәсiбiнен басқа өндiрiс және қызмет салаларына инвестициялаудан шошытады.
...