0 дауыс
3.1k көрілді
Ақша нарығының құрылымы және қаржылық құралдары?

1 жауап

0 дауыс

ҚР аумағында ақша нарығының қаржылық құралдарымен мынадай операциялар айналымда қолданылады:
• Қолма-қол ақшаны табыстау;
• Чек беру;
• Вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау;
• Төлем карточкаларын пайдалану;
• Борыштық қолхаттардың айналымы.

Қолма-қол ақшамен төлеу заңды төлем құралы болып табылатын банкнот немесе тиын түрінде жүзеге асырылады. Қолма-қол төлемді ақшалай міндеттемесі бар тұлға тікелей немесе делдал арқылы орындай алады. Чектермен есеп айырысу жол, есеп айырысу және басқа да чектердің чек ұстаушыға өз шотынан белгілі бір соманы банктің төлеуін бұйыратын төлеушінің жазбаша өкімінің көмегімен жүзеге асырылады. Ақшалай чек қолма-қол ақшаны банкте ұстаушының төлемдері,мысалы, еңбекақы,шаруашылық қажеттіліктері,іссапар шығыстары және т.б. үшін қолданылады. Есеп айырысу чегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысуда қолданылады. Бұл – нақты тұлғаға немесе чекті көрсеткенге онда көрсетілген белгілі бір соманы банкке төлегені туралы ағымдағы шот иесінің шартсыз жазбаша бұйрығын қамтитын құжат. Есеп айырысу чектері өтелген немесе өтелмеген болуы мүмкін:
• Чек берушінің жеке шотқа депозитке салған қаражаты;
• Чек берушінің тиісті шотындағы қаражат, бірақ чекті беру барысында онымен келісілген келісім бойынша банк кепілдік еткен сомадан артық болмауы керек. Бұл жағдайда банк чек берушіге оның шотында қаражат уақытша болмай қалған жағдайда өзінің қаражат есебінен чекті төлеуге кепілдік бере алады.

Атаулы чек (нақты тұлғаның атына жазылған), ұсынбалы чек (ұсынушының атына жазылатын) және ордерлі чек болады. Ордерлі чек белгілі бір тұлғаның пайдасына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады, яғни чек беруші оны жаңа иесіне индоссаменттің көмегімен беруі ықтимал. Оның үстіне, чек кроссталған – бет жағына екі параллель сызықтар жүргізілген болуы мүмкін. Кроссталу өз кезегінде жалпы және арнайы болуы ықтимал. Бірінші жағдайда (сызықтардың арасында «банктің» белгісі болмайды) оны төлеуші банкке немесе өзінің клиентіне төлейді. Мұндай чекті ұстаушы тұлға оны сызықтардың арасында атауы көрсетілген банкке ғана ұсынады.

Чек айналымының басқа да артықшылықтары бар: чек басқа төлем құралдарының, оның ішінде пластикалық карталардың және валютаның көмегімен есеп айырысу мүмкін болмаған барлық жағдайларда, есеп айырысуға мүмкіндік береді.

Экономиканың ақша-несиелік реттеуіндегі вексельдер сатылатын және сатып алынатын нарықтың рөлі ерекше. Оның маңызы – экономикада ақша ағымын бірқалыпты етуінде жатыр. Вексельді коммерциялық деп аталатын несие рәсімдейді. Сату-сатып алу объектісі болып табылатын олар төлем мерзімін ұзартуды қамтамасыз ете отырып, нарықта айналысқа түседі. 

Вексельдік операциялар банк несиесі қызметінің ең маңызды және келешегі зор бағыттарының бірі болып табылады. Вексель нарығының міндеті – негізінен қысқа мерзімді ақша қаражаттарын қайта бөлу, ал оның объектісіне коммерциялық және қаржылық вексельдер жатады. Бірыңғай ақша нарығының бөлігі болып табылатын оның екі деңгейі болады. Оның алғашқы резидентіне несие мекемелері мен оның клиенттері жатады, ал оның негізін есептік, комиссиялық, ломбардтық операциялар және банктің, басқа да несие институттарының операциялары немесе жеке дисконтерлердің вексельдермен болатын операцияларды құрайды. Екінші субъектісіне несие мекемелері: бір жағынан – Ұлттық банк, екінші жағынан – екінші деңгейлі банктер, оның ішіне коммерциялық банктер кіреді. Бұл деңгейдегі нарық операцияларының басым бөлігін бірінші сыныпты вексельдерді қайта есептеу мен қайта кепілге салу құрайды. Банк жүйесінде мамандандыруды дамыту, есептік операциялардың тәуекелділігін орталықсыздандырып қайта бөлу қажеттілігінің институционалдық құрылымы тек банк мекемелерінен ғана тұратын және арнайы несие институттарының есеп үйлерінің, есептік банктердің және басқа да мекемелердің төңірегіндегі аралық деңгейдің нарықта пайда болуын топтастырады.

Біздің елімізде вексель бағалы қағаздарға жатпайды,ол “Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы” ҚР Заңына сәйкес төлем құралы және несиелеу құралы болып табылады. Вексель – бұл қандай да бір тұлғаға нақты ақша сомасын белгілі бір орында және белгілі бір мерзімде төлейтін шартсыз міндеттеме. Вексельге тән белгілер:
• Ақшалай міндеттеменің шартсыз сипаты, яғни вексель беруші белгілі бір соманы төлеуді өз мойнына алады немесе үшінші жақтағы тұлғаға вексельдік соманы төлеу туралы бұйрық қандай да бір шартпен шектеліп қалмайды;
• Міндеттеменің дерексіз сипаты, яғни вексельдің мәтінінде ол қандай мәміленің негізінде берілгеніне сілтеме жасалмайды;
• Осы құжатты толтырудың қатаң формаланған рәсімі, яғни форма барлық қажетті реквизиттерді қамтуы керек, өйткені қажетті реквизиттердің біреуі болмай қалса, вексель түкке жарамсыз болып қалады;
• Есеп айырысудың ақшалай формасы, яғни міндеттеменің тек ақша қаражаты болуы мүмкін.

Вексельдер екі негізгі түрге бөлінеді: жай вексель және аудармалы вексель.

Жай вексель немесе соло – несие берушіге ақша қаражаттарының нақты сомасын белгілі бір орында және белгіленген мерзімде қарыз алушы төлейтін, қандай да бір шартпен шектеліп қалмайтын міндеттемені қамтитын вексель немесе үшінші тұлғаға қаражатты аудару жөніндегі несие берушінің бұйрығы бойынша вексель.

Жай вексельдің ерекше белгісі – қарыз алушы тұлғаға вексельді жазып беретін – вексель беруші болып табылады. Вексель ұстаушы оны өзінің қарызын вексель берушіге аудару арқылы өз контрагенттерімен есеп айрысуда пайдалана алады
Аудармалы вексель немесе тратта – бұл вексельдік қатынасты үш жақты реттейтін құжат: несие беруші немесе трассант, қарыз алушы немесе трассат және төлемді алушы немесе ремитент. Аудармалы вексельдің шығарылуы мен айналымының ерекшелігі – ол төлемнің жай құралы ретінде қызмет етпейді. Бұл қатынастың мәні: трассант нақты ақша сомасын белгілі бір орында және белгілі бір мерзімде ремитентке төлеу туралы ұсынысымен трассатқа вексель жазып береді.

Ремитент вексельді алғанымен онда көрсетілген трассаттың төлемді жүзеге асыратынына сенімсіз, сондықтан да , алдымен қарыз алушының вексель сомасын төлеуге келісім бергенін немесе бермегенін біліп алу керек. Осы мақсатта вексель акцепт үшін трассатқа бағыт алады.

Қазақстанға жаңа технологияның енуіне байланысты тағы бір құралды – төлемді жүзеге асыруға, ақшаны қолма-қол алуға, валютаны айырбастауға, эмитентпен және оның жағдайымен анықталатын басқа да операцияларды орындауға мүмкіндік беретін ақпараттарды қамтитын құрылғылар мен электрондық терминалдар арқылы ақшаға қол жеткізудің құралы ретінде төлем карточкаларын пайдаланудың, қолданудың мүмкіндігі туды. Төлем карточкалары кредиттік және дебеттік болып бөлінеді. (24.08.2000 ж. №331 Ұлттық банк бекіткен ҚР-да төлем карточкаларын шығарумен және ҚР-да оны шығарудың және пайдаланудың талаптарын белгілеумен байланысты қызметті лицензиялайтын бірден-бір жалғыз орган болып табылады.

Төлем карточкасын беру кезінде мыналармен келісімшарт жасалады:
• Төлем карточкасын беру шарты;
• Оны пайдалану арқылы төлемді жүзеге асырудың шарты;
• Төлем карточкасын беру туралы келісімшарттың негізінде әр түрлі ұстаушылрға бірнеше төлем карточкасы берілетін жағдайда қосымша карточкалар берілетін тұлғалардың тізімі (немесе оларға жасалатын сілтемесі)
• Төлем карточкаларын алу және шектеу шарты;
• Төлем карточкасын қолдану мерзімі немесе оны беру туралы келісімшарттың мерзімі;
• Тараптардың құқығы мен міндеттемелері;
• Тараптардың жауапкершіліктерін қамтитын келісімшарты.

Жеке тұлға төлем карточкасын алған күнінен бастап оның иесі болып табылады.

Ұстаушының төлем карточкасын алғанынын айғақтайтын құжатқа қойған қолы немесе осы фактіні бір мәнде айғақтайтын басқа да куәлік растаушы ретінде қызмет етеді. Банктерді пайдаланбай-ақ бір-біріне қарыз беруде халық ақша нарығының қаржылық құралы ретінде қарастыруға болатын, нотариалдық кеңселермен расталған борыш қолхаттарын рәсімдейді. Келешектегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің кепілімімен шығарылатын ауыл шаруашылығы қолхаты секілді қаржы құралының да пайда болғанын айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда Қазақстанда осы қарыз міндеттемелері вексельдермен салыстырғанда әлдеқайда кең таралған. 

...