0 дауыс
397 көрілді
Осы сайтқа жаңадан тіркелген қолданушылар болады,солар бір сұрақ қойғанда,сол сұрақтың бұрын қойылғанын білмеуі мүмкін(компьютертуралы,ұялы тел туралы,т.б керекті сұрақтар),ал оны сіздер көре сала жабасыздар,қайталанған деп.Жапқыш болсаңыздар "Мен бір қызға ғашықпын","Мына жігітті қалай қаратам","Анау қыз мені сүйе ме"- деген,адамды мезі қылған сұрақтарды неге жаппайсыздар.Сайтқа кірсең осындай сұрақ міндетті түрде кездеседі,біреудің махаббатына біреу жауап бермейдіғой,

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Негізі сұрақты жабуда өте мұқият, абай болған дұрыс. Мен өзім қолданушылар намысына тиер,сайт беделіне нұқсан келтірер дөрекі сөздер, анайы пікірлер, т. с. с  болмаса мүлем сұрақ жабуды тоқтатыңдар дер едім. Сайтта сұрақтың да, жауаптың да көп болғаны әбден дұрыс. Ол бір жағынан сайт дәрежесін көтерсе, екінші жағынан инет қолданушыларының жауап таңдау мүмкіншілігін арттырады. Біреулерге мәнсіз, мағанасыз көрінген сұраулар, екінші біреулерге бас қатырарлық, шешім бермес болуы әбден мүмкін. Олай болу себебі адамдардың мінез-құлық, ақыл-ес дамуының сан алуан, әр сатылығында болғандығынан болар деймін. Сондықтан кешіріммен қарап, шама келгенше жауап берсек, ол адам өз қалауынша жауап таңдауына мүмкіншілік берсек сонымыз дұрыс болмай ма? Жалпы қазір сайт атмосферасы жақсы, қолданушылар арасында силастық, жақсы қарым-қатынастар бар, анау атты анайылық дөрекіліктер жоқ. Түсініңіздер бұл СЖ сияқты сан мыңдаған аудиториялы сайтқа оңайлықпен бір күнде келе қалған жоқ, көп айлардың, мамандар еңбегінің арқасында келген. Сондықтан сайт белсенділеріне де, сайт қолданушыларына да мың алғыс.  Сайт модтары мен редтер бұдан былай қарай негізгі міндеттерін қолданушыларды жазалау емес, сайтта тіл тазалығын қадағалау, граматикалық қателер түзеу деп ұқса жақсы болар еді.

0 дауыс
Әр қолданушы әртүрлi. Ондайларды админге ескертiп тiркелген қолданушы ету керек.
0 дауыс
Әр модератор сіздің ұялы телефонмен немесе компьютермен кіргеніңізді білмейді, сондықтан болар.
0 дауыс
Егерде дәл сондай сурак койылган болып,накты жауап алынса сол страницага сiлтеме калдырып кетсенiздер жаксы болар едi
0 дауыс
Ия, бұрын қойылған сұрақ екендігін білмеуі мүмкін. Біз оны бұрын қойылғандығын ескертіп, қайталанған сұрақ ретінде жабамыз өзіңіз айтқандай. Қайталанған сұрақ ретінде жапқан кезде автоматты түрде сілтемесі болады. Соны басып, көрсе жеткілікті.

Ал енді махаббат жайлы сұрақтарда шаруам жоқ. Ережеде махаббат жайлы, жеке өмір туралы сұрақтар өшірілсін дегенді оқымаппын. Әркім қалауы бұрған, көкейінде жүрген сұрақты қоя алады.

Қорытынды: Ережеге сүйенсек, қайталанған сұрақтарды жабу немесе өшіру біздің міндетімізге кіреді, ал жеке өмірге қатысты сұрақтар жабылсын, өшірілсін деген нәрсе жоқ Сайт ережесінде.
Сайт ережесінде ақымақ сұрақтар қоюға тыйым салынған,ал менің ойымша бұндай сұрақтар таза ақымақ сұрақтар.
Қолданушының жеке пікіріне қарсы келмейін.
...