Қазіргі уақытта дүние жүзін радиацияға байланысты үрей жайлаған. Жапониядағы атом электр станцияларындағы апат салдарынан радиоактивті тозаң АҚШ, Ресей, Қытай жерлеріне түсіп жатыр. Ол желмен, жаңбырмен жетеді. Құдай бетін аулақ етсін, ондай тозаң Қазақстанға жетпейтінін Қоршаған ортаны қорғау министрі мен «Қазгидромет» мекемесінің директоры айтып отыр.
Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір кедергісіз ене береді. Ал одан қорғаныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғылым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәулеленгенін сезбейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар қозғалады да, биохимиялық процестер өзгереді. Оның соңы ағзаның тұтастай жүйесі бұзылуына, ішкі органдардың істен шыға бастауына апарып соғады.
Ғалымдар адам ағзасы шамамен 10 триллион жасушадан тұратынын айтады. Ағза сәулеленгенде миллион жасушаның қалпы айнып, оның әрбірі қатерлі ісікке душар болады. Ондай жасушалар саны жылдам көбейе бастайды. Нәтижесінде ісікке бой алдырған жасушалар артып, оның соңы аты жаман ауруға алып барады.
Жай тұрмыста аз мөлшердегі сәуледен қорғануда йодтың пайдасы бар. Оның дәрі түріндегі күнделікті мөлшері болады. Йодты ең көп қолданатындар – жапондар. Олардың түрлі тағамдар мен сусындарына да йод қосылады. Жапондар йодты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген күндік мөлшерден 108 есе артық қолданады. Ағзаға енген қоздырғыш таяқшалары йодқа төтеп бере алмайды. Жапондардың интеллектуалдық деңгейі жоғарылығы мен ұзақ өмір сүруінің себебі осы йодқа байланысты болуы да мүмкін.
Украинада іштегі шараналардың омыртқаларынан радиация табылыпты. Бұл – әлдеқашан өтіп кеткен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдары. Сол шараналар өмірге келеді-ау, бірақ есейгенде қатерлі ісік ауруларына шалдығатынын мамандар осы бастан болжап отыр. Шарананың сүйегіне жүргізілген зерттеу нәтижесі Чернобыль аймағында радионуклидтер омыртқаға, тіске және қабырғаға өте тез жиналатынын көрсеткен. Болашақ сәбилердің үлкейгенде ісік ауруларына шалдығу мүмкіндігінің жоғары екені жергілікті тұрғындарды қатты алаңдатып отыр. Украинада қалқанша без қатерлі ісігі ауруының көбейгені Чернобыль АЭС-інде болған апатпен тікелей байланысты екен.
<p "="">Сәулеленуден күнделікті өмірде қорғанып жүруде көк шайдың да пайдасы бар. Сондай-ақ апельсин жемісі де өте аз мөлшердегі радиоактивтік сәуленің бетін қайтаруға септігін тигізеді. Мамандар осылай деп жатыр.