0 дауыс
11.3k көрілді
Балмұздақты қашан және қайда ойлап тапқан? Балмұздақ тарихы

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Балмұздақтың тарихы бзд. 3000 жыл бұрын Қытайда басталған. Бай қытайлықтардың үйінде тамақтан соң, мұздатылған жеміс шырындары ұсынылатын болған. Осындай десерт соломон патшаға да ұсынылатын. Еуропа мұздатылған десерт туралы XIII ғасырда Марко Полодан білді. Оны дайындау әдісін Марко Полоға монғол ханы сыйлаған. алғаш рет балмұздақты Парижде дайындап, сатқан. 1676 жылы 250 париждік кондитер бірігіп, балмұздақшылар корпорациясын құрған. Алайда балмұздақты дайындау әдісі құпияда сақталған. Тек қана 100 жылдан соң, Венада балмұздақты дайындау әдісі жазылған кітап басылып шыққан. Ал 1919 жылы Христиан Нельсон бетіне шоколад құйылған балмұздақты жасап шығарған. Уақыт өте ол эскимо аталып кетті.

Ертедегі гректің қолбасшысы Александр Македонскийдің әрбір қырғын ұрыстан кейін, қарды балмен немесе жеміс шырынымен араластырып жегені айтылады.Қар мен жеміс шырынын қосып жеуді тұңғыш рет шығыс елдерінің тұрғындары ойлап тапқан. Бұл елдерден итальян саяхатшысы Марко Поло балмұздақтың жасалу жолының түрлі әдістерін жазып алып қайтқан екен. 
Дүние жүзінің көптеген елдеріне балмұздақ дайындаудың жолы итальяндықтар мен испандықтардан таралған деген де дерек бар. 1676 жылы француз қаласы Пломбирдатәтті тағамдар дайындайтын мамандар балмұздақтың жаңа түрін жасап шығарады. Осыдан бастап балмұздақтың «пломбир» атауы осы қаланың атымен аталып қалса керек. Ал «эскимо» деген атауды қай ел бергені белгісіз, бірақ француздар мен америкалықтар әлі күнге дейін өздеріне меншіктеп, таласып келеді. 

Тұңғыш рет Нью-Йоркта балмұздақ 1786 жылы 10 маусым күні сатылыпты. Содан бері осы күнді Балмұздақ күні деп атап келеді. Бірақ Қытайда одан да ертеректе балмұздақ мерекелік дастарқаннан орын алған. Екатерина Медичи патшайымның айналасындағылардың қадірлі тағамдарының қатарынан саналатын балмұздақты дайындау әдісі аса құпия сақталған. Патшайымның немере қызы Англия королі І Карлға күйеуге шығып, балмұздақ дайындайтын аспазшыны өзімен бірге ала кеткен. Бірақ король қайтыс болған соң, әлгі аспазшы бұл құпияны жария етіп жіберген көрінеді. Содан бері әртүрлі атауға ие болған балмұздақ күннен-күнге дамып келеді. Балмұздақ сонымен қатар адамды психологиялық күйзеліс пен ұйқысыздықтан арылта алады екен. АҚШ Биомолекулалар химиясы институтының мамандары мұны зерттеу жүзінде дәлелдеген.

...