+3 дауыс
3.2k көрілді

Тамақты қолмен жеу дұрыс па? Сіз бесбармақты қалай жейсіз?

8 жауап

0 дауыс
Ата-бабаның салтына қарсы шығатындай даналығымыз жоқ деп ойлаймын,бірақ мен қонақта болмаса үйде бешбармақ жегенде қасықпен жеймін,ал қонақта олай жасау ыңғайсыз енді.Сосын бізде Оралда Бешбармақты Іңкәл дейді.
+2 дауыс
Негізі қолмен жеген сіңімді болады.Ата-бабаларымыздың қолмен тамақтанғаны тарихтан белгілі.Біздің дәстүрімізде бар нәрсе әрі бұл Пайгамбарымыз Мұхаммет (аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті.
0 дауыс
Қонақта бөлек тәрелкеге салып жейміз..
–1 дауыс
Атырауда бесбармақты ас дейді негізінен."Балам ас жейін деп жатырмыз келе ғой" дегендей.Асты қолмен жеген дұрысқо бірақ қазір шанышқымен де жей береді.
garabala қателеспе қызылқоға, құрмағының кейбір аймақтары бесбармақ дейді
–1 дауыс
Оңтүстікте, яғни Сарыағашта бесбармақты қамыр, ет, бешбармақ деп айтады. Көбісі бесбармақты қолмен жейді, кейбіреулер қасықпен жейді, ал және біреулер Алматы жақтан үйреніп келген әдеттері бойынша шанышқымен жейді. Ата-бабаларымыз көптеген тағамдарды қолмен жеген, себебі қолмен жеген тағамның ерекше дәмі бар, пайдасы бар. Өзім бесбармақты қасықпен жеймін, қолмен жейтін едім кішкентай кезімде, қазір қолмен жеу ұнамайды.
0 дауыс
Шанышқы қасықпен жеймін! ешқашан қолмен жеген емеспн
+2 дауыс
Қызылорда облысы Тереңөзек кентінде бешпармақты "ет" деп айтады. Үйде ортақ табақтан қолмен, тойханаларды әркім өзіне кішкентай тарелкаға вилкамен салып жейді. Негізі әлемде қолмен желінетін тағамдар көп: бешпармақ, палау, пицца, құс еті,тағы басқалар.
0 дауыс
вилкамен жеген дұрыс ғой, все таки гигиена деген болу керек.
...