+2 дауыс
408 көрілді
Бұл сайтқа кіргеніме көп бола қойған жоқ. Бірақ пайдалы сайт екен.Әсіресе сыйластық жақсы,басқа сайттағыдай ойларына келгенін жаза салмайды,ереже болған соң. Идияны,ережені бәрін орынды тапқырлықпен жасаған екен. Жалпы дәл осы сұрақ жауап сайтының басшылары дейінба,қызметкерлері дейінба жалпы осы сайтта жұмыс жасап отырған кімдер. Неше адам барлығы? Сосын кез келген қолданушы модеатор маман т б дәрежелерін алады екен олар осы сайтта белсенді отырып. Біреулерді Банға салад,біреулерді алад.Сонда оларға пайда не,осы сайт арқылы пайда тауып ақша жасайма,әлде қызығушылық.бедел үшін ғана отырама осы сайтта? Мысалы мен Ерасыл,Айдархан дегенді біледі екем. Ерасыл өте көп сұрақ қойып,өте көп жауап берген екен. Сонда уақытының көбін осы сайтта өткізгеннен қандай пайда,уақыттарыңды босқа алмайма?

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Былай ғой бауырым. Админ модератор, редакторларға ешқандай қаражат төлемейдi. Бiрақ құдай қаласа болуы да мүмкiн. Сосын олар балл үшiн емес Қазнеттi дамытуға үлес қосушылар деп бiлу керек. Балл жүйесi қолданушыларды балл жинау арқылы iш пыстырмайтын қылып, бiр жағынан сайттың стеореотипi ретiнде қалыптасқан. Сайтта маман, редактор, модератор жетерлiк. Оны тек модераторлар көре алады. Ақша алмасаңда осы сайтта жауап берiп халыққа пайдаң тиiп сауап жинағн пайдалы. Мысалы ВКда, Фейсбукта, Твиттерде 7-8 сағаттап отыратын адамдар да бар. Оның қасында szh.kz сайты әлдеқайда пайдалы. Мен басқа да осы типтес қазақша surak.kz, suraktar.kz деген сайттарды көргенмiн. Бiрақ менiң көңiлiмнен шықпады. Барлық жағынан осы szh.kz сайтына тең келе алмайды екен. Бiрiншi рет тiркелген кез-келген қолданушы осы баллға қызығып модератор, редактор болуды ойлайды. Кейiн тек сұрақ қойып, жауап беру үшiн отырады. Мен осы сайтта жүргенiме 8ай. Мен осы сайтқа, сайттағы достарыма бауыр басып қалдым. Сайтта телефонмен отырамын. Интернет жылдамдығы да нашар болғандықтан бiраз қиыншылықтар болады. Бiрақ сонда да осы сайттан кеткiм келмейдi. Мiне бар сыры осы.
Қали Ұлықбек бауырым,телефонмен отырып модеатор болған сенің еңбегің бар екен.
Көп рахмет. Алла разы болсын.
Белгісіз
Бұл сайтта мен ғана  телефонмен отырамын ба десем, мен сияқты адамдар бар екен ғой) менде СЖ-ға ұялы телефонмен кіремін, смартфонда емес, жай ғана простой телефон)
0 дауыс
жо жо көп алмайд уақытты))
+2 дауыс
Бұл сайтта уақытты босқа құртпайсың, керісінше пайдалы нәрселерді үйрену мен үйретуге жұмсайсың. Сайттың бір ғана басшысы бар ол - Ербол Серікбай https://surak.baribar.kz/user/admin . Және сайтта ешқандай қызметкер жоқ, тек сайттың мүшелері бар олар - қолданушылар https://surak.baribar.kz/users . Бұл сайтта ешкім ақша алмайды, қолданушылардың барлығы тек қызығушылығы үшін сайтқа кіреді және бір қолданушыны мәжбүрлеп модератор, редактор, маман қылмайды, барлығы өз ниетімен, сұранысымен болады. Бұл сайт виртуалды отбасы сияқты. Мысалы сен өз үйіңде бір кішкене жұмысты істеу үшін ақша алмайтын шығарсың?! Бұл сайтта солай, әркімнің өз еркі өзінде сұрақтар мен жауаптарды өңдеу н/е өңдемеу. Тек сайттың тәртібін сақтаса болды.
0 дауыс
Әрине қаржы төлейді. Қанша төлейтіні коммерциялық құпия.
0 дауыс
Бұл сайтта жауабын іздеген сұрақтарыңа жауап ала аласың.
0 дауыс
Сайттың админі Ербол деген жігіт. Өзім осы сайтты 2011 жылы сәуір айында көріп неше түрлі сұрақтарды оқыдым. Ол кезде сайттың аурасы басқарақ болатын. Қазір басқа.

Сайтта иа бос уақыт өткізу секілді көрінеді бір жағынан. Бірақ қазақ тілінде ақпараттар аз  интернетте. Бұл сайт қолданушылардың белсенділігі арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Бұл сайтты Уикипедияның жеңіл түрі деп те қарастыруға болады.

Сайтқа жай ұялы телефонмен де компьютермен де ноутбукпен де кіреміз. Кейде түнде ұйқы келмегенде қате сұрақтарды түзеп сұрақтарға жауап беремін.

Қолданушылар, егер сайтта мейлінше толық сурет видеомен орыс сайттарынан көшірмей өз сөзімізбен жазсақ жауаптарды сайтымыз да соғұрлым жақсара түседі.
0 дауыс
Менің сайтқа кіргеніме 1-ай болды. Менің арманым жоғарғы бес адамның қатарына ену))
0 дауыс
Бұл сайтта тек  білмегенді сұрап , білгендіңді айтасың. Жаңа тіркелген қолданушылар не ақша деп ойлайды ? Сайт ақша бермейді. Еңбегің сіңіп жатса , беріп жатар.

Ұқсас сұрақтар

...