0 дауыс
2.8k көрілді
Кімде Құттық руы туралы шежіренің жалғасы туралы мәлімет бар? Бар болса *Emails are not allowed* жіберсеңіз қуанар едім.

2 жауап

0 дауыс

ӘЛІМ - Жаманақ - Өріс - Айдарбек, Есеналы.
ЕСЕНАЛЫ - Палуан, Кішкене.
КІШКЕНЕ - Сары, Жиеней, Жолшара, Асан, Үсен, Құрманай, Құттық.
ҚҰТТЫҚ - Алдияр, Қайдауыл, Майдан, Домақ, Кенжеғұл.
МАЙДАН - Құлжаман, Қожамұрат, Әлімбет, Түгелек.
ҚҰЛЖАМАН - Егей, Киікбай, қызы Жүзеке.
КИІКБАЙ - бәйбішесі Тәжіден (Есет батырдың қарындасы) төрт бала - Жаман, Өтеген, Нұрмұхамед (Нұрымбет), Сары. Есеней деген тоқалынан (қарақалпақтың қызы) үш бала - Бөрітай, Махамбет, Оразақ. Тағы Әжі деген жиені қосылады. Барлығы 8 бала Киікбайға жатады.

Құлжаманның қызы Жүзекені Қыпшақ руынан шыққан Əжі деген кісінің баласы Əжібайға əйелдікке алып беріпті. Алшындар Арал мен Шалқарға қоныс аударып көшкенде Киікбаймен бірге Əжі де көшіп келіпті. Осыдан бастап Əжібайдан тараған үрпақтар Майданға сіңіп, біз "Майданбыз", оның ішінде "Киікбайдың Əжісіміз" деп кеткен дейді.

Киікбайұлы Əжі - Əжібай, Нияз, Сəмет (Атыкісі), Бөрі (Қарсақ).
Əжібай - Дүйсейіт, Ерсейіт, Күнсейіт, Нұржауған. Дүйсейіт - Дос - Елубай - Қуаныш, Əбдіраман.
Ерсейіт - Текебай, Еркебай, Сақтаған.
Күнсейіт - Менсейіт, Жансейіт.
Нияз - Алдаберген, Азнағұл, Жаппарқұл, Ізбас.
Сəмет (Атыкісі) - Дүйсебай, Қорғанбай, Қанатбай, Қарабас.
Бөрі (Қарсақ) - Тайжан, Құлман.

0 дауыс
Құттықтың Алдияры бар

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
5 жауап
0 дауыс
1 жауап
Талшын 21.02.2017 Тұлға, Адам сұрақ қойды
...