+1 дауыс
1.1k көрілді
Қазақстанның әр өңірінің өз ерекшеліктері бар, мысалы: Шымкенттің бір ғана сөзі(Шешең с....) бүкіл Қазақстанға тарап кеткен және ауа райының ыстықтығымен ерекшеленеді,,, Қызылорда облысының көп жерлерінде шайға сүт қосып ішеді екен, тіпті, сүтсіз ішпейтіндер де бар екен,,, Солтүстік өңірлерде көбінесе орысша сөйлейді және ауа райы суықтығымен ерекшеленеді,,, Алматы қаласы "миллионер қала" және "Қазақстандағы ең үлкен қала" ретінде ерекшеленеді,,, Қарағанды облысы ең үлкен облыс т/б... Осылар сияқты өзіңіз білетін қалаңыз, облыс, ауылыңыздың қандай ерекшеліктері бар? Қазақстанды жақсырақ білгім келеді, өз білгеніңізше, өз сөзіңізбен, ойыңызбен жеткізсеңіз дұрыс болар еді..
ЖаУаП керек!!!
сендер сүтсіз ішесіңдер ма не?қызық екен))
Сүтпен ішеміз анда-санда, Қызылордалықтар сияқты сүтсіз өмір сүре алмайтын дәрежеге жетпедік:)
Сүт жоқ болса сүтсіз ішесің
Белгісіз
Иә сүт жоқ болса,  амал жоқ сүтсіз ішеміз, Қызылордалықтар сияқты сүт іздеп жүгіріп кетпейміз:)
Қызылорданы айналдырып қоса бердің ғо? Сүтпен ішкенін көре алмай тұрсың ба?
Жоға, жай маған қызық көрінді, Қызылорда да туыстарым бар сол үшін қоса берем.

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қызылорданың басты ерекшелігі - "бұнда орыстар да қазақша сөйлеп жүреді". 

13-аймақта да сондай.
Және бізде "күріш" көп өсіріледі.
Бізде сол күріштен палау көп пісіріледі, өзбектерге жақынбыз ғой)
: )   .                     .
Палаудың көкесі біздің шым жақта.  Қазақтың балауы дейсің ба?! Өзбектің палауы дейсің ба?! барының дәмдері керемет.......
Белгісіз
Ой ,оданда бүкіл ОҚО сондай демегенің қалды .
Екеуі бір ғой.
Белгісіз
0 дауыс
Батыс Қазақстанда көп қолданатын сөзі не зат. Ерекшелігі батырлардың көбісі батыстан шыққан. Оңтүстікте келінге қалынмал берсе батыста калынмал берілмейді(сирек кездеседі) және келіндер орамал тағып жүрмейді. Бұл менің жеке пікірім.
Орамал тақпайтын келіндер... Елестету мүмкін емес... Мен рұқсат бермес едім, орамалсыз жүруге...
қазақ қеліндері ешқашан басынан орамал тастаған емес. Алде дұрыс емеспа?
Белгісіз
Дұрыс.                .
Бізде батыста жаңадан келін боп түскен кездерінде тағып жүреді,соңынан жалаң бас жүре бередіғо
+1 дауыс
...Әр елдiң салты басқа, иттерi қара қасқа демекшi, елдi-мекендердiң де өзiндiк ерекшелiгi (сөйлеуiнде, диалект сөздер қолдануы, ұлты бiр болса да неше түрлi салт-дәстүр т.б) көп-ақ. Мысалы батысты (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Орал) алатын болсақ, бiр аймақта орналасқанымен, түсiнiк әртүрлi. Оралда орыс көп болғасынба, кейбiр бауырларымыз ана тiлдi бiлмейдi. Бiрақ неде болса, қонақжай, ақкөңiл халық осы Ақжайығымда!!! Қазағым жасасын!!!
Jarygmai дұрыстап қазақша қарiптермен қатесiз жаз. Үлкен әрiптер мен кiшкентай әрiптердi cөздiң арасында тықпаламай сауатты жаз.
Белгісіз
БiлемiнFой, кешiрiнiз (тек телефонда казах арiптерi жок едi, айып етпенiз).
0 дауыс
Шымкентте қойшей деген сөз, алматыда о ғойш деп айтылады.
Қойшей, шынымен ба?
о ғойш дегенің қызық екен:)
Алматының адамдары.
Белгісіз
т у п о ! ! ! екі сөз де бірінің орын баспауы керек мағынасы жағынан!
Белгісіз
0 дауыс
Медди Сарыағаштың ерекшелігі-мектеппен мектеп қырылады:-)
Барлық жерде бар ондай қырылыс-төбелес. Сарыағаштың жақсы жағын айтсай, халық білсін. Мысалы: Сарыағаштың суы - шипалы, Қазақстандағы көптеген минералды газдалған сусындар бізден шығады.
оны білеміз енді)
Белгісіз
0 дауыс
бізде, яғни шығыста, келіндер орамалдар тақпайды. тақсада бірен-саран. Өз басым жасы келген әйелдердің ғана тартып жүрегнін байқаймын.
0 дауыс
Қостанай облысы және оған қарасты Рудный қаласының тұрғындары барлығы сыпайы. Біздің қаланың автобустарында жолақы жинаушы болмайды, әр жолаушы өзі жүргізушіге төлейді, артқы есіктен төлемей шығып кететін жолаушыларға түсіністікпен қарайды. Рудныйдың тұрғындары өте көңілді, мейірімді,ақжарқын жандар. Басқа облыстар бізде орыстар көп,қазақтар бар болғанымен барлығы орыс тілінде сөйлейді деп ойлайды. Жоқ, олай емес. Бізде қазақтар көп. Қала тұрғындары ұлтқа бөлінбейді, орыстар қазақша сөйлейді,сөйлей алмайтындар қазақша түсінеді. Қазақ тіл мен орыс тілді меңгеріп, бірге алып жүреді. Орыс мектептері мен қазақ мектептерінің саны тең. Қазақ мектебінде білім алып жүрген орыс балаларын көру де ғажап емес. Рудный қаласының қазақтары орыс мерекесін қазақтың ұлттық мерекесі секілді асыға күтіп тойлайды. Орыстарда қазақтың ұлттық мерекелерін аса қуанышпен, белсенді көңіл күймен күтіп алады. Ешқандай менсінбеушілік, тіл тигізушілік, жатсынушылық тұрғындар арасында жоқ.
...