0 дауыс
1.1k көрілді
Қазақстандағы барлық қалалардың 2013 жыл қорытындысы бойынша халық санын тауып беріңіздерші?!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ел халқының саны 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 16 млн. 911,9 мың адамға жеттi. Қазақстан халқының саны 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бір жыл ішінде 1,4 пайызға артып 16 млн. 911,9 мың адамды құрады. Бұл туралы Статистика агенттігінің сайтындағы мәліметтерде қамтылған. Агенттіктің деректеріне қарағанда 1 қаңтар бойынша еліміздегі қала халқының саны - 9264,9 мың, ауыл тұрғындарының саны 7646,9 мың болды. Ал Астана халқы 2012 жылы 35,2 мыңға артып, 778,1 мыңға, Алматы қаласындағы халық саны 25,3 мыңға көбейіп, 1 млн 475,6 мың адамға жетті. Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысының халқы бір жылда 56,8 мыңға өсіп, 2 млн 678,3 мың болса, Алматы облысының халқының саны - 37,3 мыңға көбейіп, 1 млн 946,6 мың адамды құрады. Маңғыстау облысының халқының саны 22,4 мыңға артып, 568,1 мың, Жамбыл облысының халқының саны - 14,3 мыңға көбейіп, 1 млн. 070 мың адамға жетті. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының халқының саны 4 мыңға азайып, 579,6 мың, Шығыс Қазақстан облысының халқының саны 1,1 мыңға азайып, 1 млн. 393,9 мың адам болды. Қостанай облысында адам саны аздап артты, онда халық саны 880,1 мыңға жетті.
...