0 дауыс
701 көрілді
GGG енді кіммен шығады, осы сәуірде шығады деді ма?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Хулио Сезар кіші Чавестің кездесуі 12 шілдеден 19 шілдеге ауыстырылды.

Кездесу туралы келісімдер әлі толық аяқталған жоқ, алайда, Бразилияда өтетін футболдан Әлем чемпионатымен сәйкес келіп қалмауы үшін, кездесу күні өзгертілді, деп хабарлайды Ringtv.craveonline.com.

Бұған дейін қазақстандық боксшының кіші Чавеспен кездесуі үшін салмақ өзгертуі керектігі айтылған болатын. Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық боксшы салмағын шамадан асырып жіберсе, онда оның тобы айыппұл төлейтінін хабарлады.

Сондай-ақ, кездесу Лос-Анджелесте емес, Колифорнияда өтетіні туралы мәлім болды.
ЖЖ таңдар едім +1. Мүмкіншілік жоқ.
Белгісіз
0 дауыс
Америкалық атақты промоутер, бокс тарихында ұмытылмас талай кездесулердің өтуіне мұрындық болған Top Rank промоутерлік компаниясының қожайыны Боб Арум орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий (GGG) Головкин мен мексикалық атышулы былғары қолғап шебері кіші Хулио Сесар Чавес арасында өтіп жатқан келіссөздердің жүзеге асу барысын хабарлады. Айта кетейік, Чавестің кіммен кездесетінін дәл осы Арум шешеді.

«Қазір біз Головкиннің командасымен алдағы кездесуге байланысты келіссөздер жүргізу үстіндеміз. Чавестің командасы бұл жекпе-жектің өтуіне аса мүдделі. Бастысы - қазірдің өзінде кездесуге байланысты көп деталь келісіліп қойды. Менің ойымша, жақын аралықта екіжақ ортақ келісімге келіп, келісімшартқа қолдарын қоймақ. Әзірге тек бокс кешінің шілде айында Лос-Анджелесте өтетіні белгілі болып отыр»,-дейді Арум Allboxing.ru сайтына берген сұқбатында.

Кейбір ақпарат көздері Головкин – Чавес кездесуі 12 шілде күні Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты) «Форум» атты жабық кешенде өтеді деп хабарлап үлгерді. Одан бөлек, қос боксшы арасындағы кездесу HBO арнасының PPV («Pay Per View» («төле де, көр» ауд.) форматында көрсетіледі деп күтіліп отыр.

Ал осыған дейін Геннадий Головкин мексикалық боксшымен жұдырық түйістіру үшін суперорта салмаққа көтеріледі (яғни қазіргі салмағына төрт келідей қосуы керек) деп хабарланған болатын. Демек, қазақстандық әлем чемпионының белбеулері бұл кеште сарапқа салынбайды.

Естеріңізге салар болсақ, Геннадий Головкин соңғы кездесуін биылғы жылдың ақпан айында Монакода өткізіп, оның қорытындысы бойынша ганалық Осумана Адаманы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ал одан кейінгі кездесуін қазақстандық 26 сәуірге жоспарлаған еді. Алайда ол кездесу Головкиннің отбасында болған қайғылы жағдайға байланысты өтпей қалды.
Астына материалдың қайдан алынғанын жазбадың ба?
massaget.kz
+1 дауыс
26-шілдеде Дэниел Гилмен болады
0 дауыс
http://massaget.kz/sport/zhanalyktar/19143
...