+2 дауыс
1.0k көрілді
Генадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан кіммен болады?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

26-шілдеде Modison Square Garden кешенінде өтеді.

+1 дауыс
Геннадий Галовкинн келесі жекпе-жегі 1-ші шілдеде өтеді қарсыласы дениап гилмен өткізеді
Өтірік жауап бермесеңші.
+1 дауыс

Бүгін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен аустралиялық Дэниел Гил арасындағы чемпиондық кездесуге арналған билеттер сатылымға түсе бастайды. Бұл туралы Головкиннің командасы хабарлады.  

Сондай-ақ билеттерді Ticketmaster кассалары мен www.ticketmaster.com,www.thegarden.com сайттарында онлайн түрде сатып алуға болады. Ең арзан билеттің бағасы 25 доллар тұрса, ең қымбаты – 500 доллар.  

«Головкин-Гил арасындағы кездесу қос боксшының фанаттары күткеннен де әлдеқайда қызығырақ әрі тартысқа толы болатынына сенемін. Біз екеуінің арасындағы кездесуді 2012 жылы Головкин HBO телеарнасында алғаш жұдырықтасқан кезде көре алатын да едік. Бірақ ештен кеш жақсы. 26 шілде күні Madison Square Garden кешенінде екі боксшы да бокс тарихында өз қолтаңбаларын қалдыру үшін аянып қалмақ емес»,-дейді HBO Sports вице-президенті Питер Нельсон.

Естеріңізге салар болсақ, Геннадий Головкин мен Дэниел Гил арасындағы жекпе-жек Madison Square Garden көп салалы кешенінің 20 мыңдық аренасында өтеді. Бокс кешін жаһанға америкалық HBO телеарнасы тікелей эфирде ұсынатын болады. Жақында ғана WBA ұйымының шешімінен кейін «суперчемпион» атанған Головкин үшін бұл кездесу мансабы жолындағы 30-шысы, ал WBA чемпиондық белбеуін қорғаудағы 11-шісі саналады. Қазақ боксшысы осыған дейін 29 жекпе-жек өткізіп, оның 26-сын уақытынан бұрын (яғни нокаут немесе техникалық нокаутпен) аяқтады.  

Массагет сайтында толық берілген. Осындай кезде уақытта өтпейді.

Ұқсас сұрақтар

...