+2 дауыс
376 көрілді
Мейзвер Пакьяо жекпе жегі әділ болмады дейді сол распа ?Көптеген жанкүерлер Пакьяо жеңуі керек еді деп жатыр.Тіпті Дания Елеусіновтың өзі Пакьяо жеңді деуде

5 жауап

–1 дауыс
Соққыларды санап шықтым Мэйвезер сәл басымдылықпен жеңді. Былай қарағанда Пакьяо белсенді көрінген, бастысы ұпай айырмашылығы.
0 дауыс
АҚШ-тың Лас-Вегас штатындағы «MGM Grand» аренасында өткен Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы жекпе-жек ұзақ уақыт талқыланатын тақырыпқа айналары сөзсіз. Көп жанкүйерлер бірінші нөмірмен жұдырықтасқан Мэнни Пакьяо жеңіске жетті деп ойласа, қорғанып, қашып жүріп өнер көрсеткен Флойд Мейвезерді де заңды түрде жеңді деп айтушылар жетерлік. Себебі, америкалық боксшы өзі ұстанған жүйені ойдағыдай орындап шықты. Ал біз сіздерге жекпе-жектің ең үздік сәттерінен фотобаян мен бейнебаян ұсынамыз.

Бұл жекпе-жекті бокссүйер қауым асыға күтті. Әсіресе ұйымдастырушы промоутерлерге оңай болған жоқ. Ұзақ уақыт келіссөздер жүргізді. Ақыры екі тарап 5 жылдан кейін барып қана келісімге келген-ді.

Екеуі де бірінші болуға талпынды. Әлі жеңіліп көрмеген Флойд Мейвезер өз атағын қорғап қалуы екіталай деп күткендер де табылып жатты. Танымал боксшылар Рой Джонс, Майк Тайсон және Эвандер Холифилд Мэнни Пакьяо жеңеді деп болжады.

Қос боксшының жекпе-жегі үлкен көлемдегі ақша айналымының да басты себепкері болды. Себебі, промоутерлер жарты миллиард АҚШ долларынан асық қаржыға кенелген. Тіпті кездесуді айтпағанда, салмақ өлшеу рәсімінің өзіне билеттер сатылды.

12 раундқа созылған «ғасыр жекпе-жегі» өткен «MGM Grand» арена.

Келісімшарт бойынша Флойд Мейвезер 180 миллион доллар көлемінде ақша алса, Мэнни Пакьяо 120 миллион доллармен қаржы қорын молайтты. Мұндай ірі көлемдегі сыйақы төленген жекпе-жек бокс тарихында бұрын-соңды болмаған. Америкалық боксшы жеңеді болжағандар да бір байып қалғаны рас. Олардың қатарында әнші 50 cent 1.6 миллион доллар бәс тіккен.

2012 жылы филиппиндік боксшыны нокаутпен жеңген мексикалық Хуан Мануэль Маркес "Мэнни Пакьо нокаутпен жеңбесе, ұпай айырмасымен жеңе алмайды" - деген болатын. Мұны WBO чемпиондық атағын иеленіп келген боксшы біліп те келді.

Қарсыласын алғашқы минуттардан есеңгіретіп тастауға асыққан Мэнни Пакьяоның мықтылығын мойындатуға шамасы жетпеді. Себебі, қарсыласын жеңудің бір-ақ жолы болды. Ол - кездесуді соңына жеткізбей өз пайдасына шешу еді.

Флойд Мейвезер қарсыласының жүйкесіне тиюмен де жанкүйерлер есінде қалды. Оның басты мақсаты - қорғана жүріп шабуылдау болды.

Флойд Мейвезер қорғана жүріп қарсыласты күтіп алудың хас шебері екенін тағы бір дәлелдеді.

Аласа бойлы Мэнни жылдамдығымен де көзге түсті. Мұндай сәтте Флойдтің соққылары ауа қармаумен болды.

Флойдтың да жылдамдығы жаман емес. Әсіресе қаша жүріп жұдырықтасуда қарсыласынан гөрі "желаяқ" екенін байқатты.

Филиппиндік боксшы соққыларын дарытуға тырысқанмен, шешуші соққысын жасай алмады.

Мэнни Пакьяо: "Мен жеңдім деп ойладым"...

Жекпе-жек аяқталысымен Флойд Мейвезер өзінің жеңісіне сенімді болды. Cондай-ақ жеңген бар атағын кері қайтармақ. Ол "Жеңген атақтарымды қайтарамын. Өзге боксшыларға да мүмкіндік беру керек. Мен сараң емеспін" - деген.

Жекпе-жекті барып тамашалаған Майк Тайсон twitter желісінде "5 жыл күткен жекпе-жек осы ма?" - деп хабарлама қалдырды.

Иә, шынын айта кету керек. Төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінен көз тіккен көрермендер «ғасыр жекпе-жегіне» баланған кездесуден тартысты шайқас күткен еді. Жойқын соққылар мен көз ілеспес жылдамдық, нокдаун мен нокаут, кішігірім жарақат, т.б. осы секілді бокста кездесетін жағдайлар орын алған жоқ. Бәлкім бар сыры да «ғасыр жекпе-жегі» болғаннан соң шығар...
қай сайттан алдыңыз?
massaget.kz
0 дауыс
Мен соңғы раундын қарап едім, сонда Мэнни басымдау болған. Бірақ, бұдан гөрі футбол көргенім жақсы екен.
0 дауыс
Мэнни Пакьяо ол жарысқа қатыспай жатып қолын ауыртып алған екен содан ұтылып қалған болатын
+1 дауыс
Мэнни Пакьяо рингте былай шапқылап, былай шапқылап еш іс пітірген жоқ. Одан да  Флойд Мейвезердің соққылары анықтау болған сияқты. Ойын әділ өтті.
...