0 дауыс
4.6k көрілді
Құтыру ауруы туралы мәліметтер керек еді?

2 жауап

+2 дауыс
Құтыру ауруы – жүйке жүйесін қатты зақымдайтын вирустық ауру. Бұл дерттің адамдарға құтырған жан-жануарлар тісін батырғанда, терісінің зақымданған жеріне олардың сілекейі жұққанда пайда болып, қозуы мүмкін. Негізінен, құтырған жан-жануарлардың сілекейі ауру белгісі білінбестен, бірнеше күн бұрын-ақ жұқпалы болады. Құтыру ауруы адамдарға көбінесе, үй хайуанаттарынан – иттерден, мысықтардан (сирек кездеседі), сондай-ақ ет қоректі аңдардан (қасқыр, түлкі) тарайды. Ауырған ит тынышсызданады, тамақ жемейді, одан кейін су көрсе үрейленіп, абалай бастайды, үргенде даусы қарлығып шығады, аузынан сілекей шұбырады. Адамдар инкубациялық (білінбейтін) кезең өткеннен кейін ауыра бастайды, ол жарақаттың ауыр – жеңілдігіне қарай 10 күннен 1 жылға дейін, көбінесе 1-3 айға созылады: адам еліріп, тыныс алысы бұзылады, жұтынуы қиындайды, аяқ-қолының жаны кетеді. Құтырған ит қапқан адамды сақтандырудың бірден-бір шарасы – емдік егу болып табылады. Сондықтан ондай жағдайда дереу дәрігерге көріну керек.
0 дауыс
достар менің мысығымды ит тістеп алған еді тамақ жемейді ішін ұстасам бір көпіршік жарылғандай болады неге
ол құтырма ма???

көмектесіңдерші
...