Кәзекей дегеніміз не?

0 дауыс
2.0k қаралым
Кәзекей дегеніміз не екенін білесіздер ме?
• Санаты: Салт-дәстүр туралы

3 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Қамзол (камзол)— әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі. Қамзолды кей жерлерде «жеңсіз бешпент» немесе «кәзекей» деп те атайды. Қамзолда жең де, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астарлан тұрады. Қамзолдық астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдаланылады. Оның екі өңірі біріне-бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігеді. Сондықтан, түйме орнына қамзолдық алдына зергерлер әшекейлен жасаған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қаусырма қадалады. Қамзолдық желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді.

Қыздар мен жас келіншектер киетін қамзол өте-мөте сәнді болады. Оның екі омырауына алтын, күміс жалатқан көз алар, шарбақ түймелер, меруерт, маржандар тағылады. Кейбір жерлерде күміс теңгелерді тесіл тағыл қояды. Қазіргі кезде жергілікті өнеркәсіп орындары барқыт пен пүліштен сәндел тіккен қамзол шығаратын болды.
Белгісіз
–1 дауыс
http://yandex.kz/yandsearch?text=кәзекей%20дегеніміз%20не&clid=9582&lr=221 осы сілтемеден біле аласың
Белгісіз
Бұлардың бәрін қарап, көріп қойдым. Жауабыңызға рахмет. Бірақ, нақты анықтамасын таба алмадым!
0 дауыс
Қысқаша түсінік кәзекей дегеніміз жеңі жоқ жәй ғана  кеудесі бар киімді айтады.
Белгісіз
127,809 сұрақ
322,407 жауап
153,154 пікір
72,845 қолданушы