+1 дауыс
3.0k көрілді
Сәлеметсіздер ме? Мынадай сөз бар ғой,адам алдымен өзін-өзі жақсы көруi(самаоценка) керек,өзгелер өзіңді сыйласын десең,алдымен өзінді сыйлай білуiң керексің деп жатады. Мен өз-өзімді жек көрем,сондықтан мен осы уакытқа дейiн жалғызбын,өзімді қаттыыыы  жалғыз сезінем. Көмектесініздерші,бұл үшін арнайы психологқа баруым керек па? Менің жағдайымды сөзбен жеткiзу мүмкін емес....

9 жауап

+3 дауыс
Негізі психологқа көрінгенің жөн болады.
Менің айтарым, өзіңді не үшін жек көретініңді нақтылап алып, содан кейін сол нақтыланған мәселелерді шешу бағытында жұмыс істеу керек.
Келiсемiн.
+7 дауыс
Не ушiн озiндi жек коресiн? Алдымен соны аныкта, мумкiн сенiмен ешкiм араласпайтындыктан шыгар, мiнезiн шатактау шыгар? Алдымен жаксылап жуын, озiннiн жаман касиеттерiн сумен шайылып кеттi деп есепте, содан сон айнага карап оз озiне конiл бол, шашынды ретте, озiне унайтын жарасымды киiн. Жагымды иiссу сеп. Сойтте достарынмен жаксы карым-катынаста бол, оларды сыйлай бiл, колыннан келгенше комектес. Конiлдi музыка тында. Сен озiн жек корiп жабыркама, омiрдi суйе бiл, омiрге келгенiне куана бiл.
Өте дұрыс. Бұл жерде ешқандай психологка көрінудің қажеті жоқ
+4 дауыс
Сіз олай өзіңді түсірме. Аллах сізді ешкімнен кем қып жаратпады. Аллах берген түрге, бойға, мінезге жалпы осы болмысына шүкітшілік айт. Сенің қай жерің кем басқадан. Неге сен өзіңді жек көруің керек. Бұл жерде еш психолагтын қажеті жоқ. Психолог сізге рухани жагынан көмек бере алады. Ары қарай онын айтуынызша жүру жүрмеу өзіне байланысты. Қысқасы өзіңді жек көрме сен жалғыз емессің. Егер қатты жалғыз сезіңсеңіз іштей "бұнын бәрі өткінші деңіз" Сендей жағдай кез келген адамда болады. Осы сұрақты қуанып, күліп отырып оқысаңыз...
+1 дауыс
Сауле,саған ешнәрсе істеудің қажеті жоқ.Бұл қалыпты жағдай, сен өте жақсы адамсың.Кез келген адам өзін жек көремін деп айта алмайды,демек сен өзіңе қатал сын көзімен қарайсың.Ол сенің өмірде адаспай,таза жүруіңе көмектеседі.Бірақ: "Мен өзімді жек көремін"-деген сөзіңді,"Мен өзіме қатал сын көзімен қараймын"-деп өзгертсең болды,бәрі өз орнына келеді.Бірақ күнде,бұлттан шыққан күндей жарқырап шыға келесің,Сонан соң хабарлас.
+4 дауыс
өз тәжірбиемнен; ешқашан бос отырма, уақытыңның барлығын жұмыспен өткіз.. Жұмысқа не жатады; ол -  сабақ оқу, физикалық жұмыстарды жасау, колекционерлік шұғылданумен айналысу, хобби және тб қысқасы уақытың шаруаларыңмен толтыр... ал осындай режиміңнен кейін өзіңді жек көруге уақытыңда қалмай қалады.. ол үшін еңбектенуің керек
0 дауыс
Психологқа бар кароше)) Миындағы әр бір түйінді біртіндеп шешіп береді де жеңілдеп қаласың. Өмірге қызығушылық оянып, шөптің бәрі гүл болып кетеді xD
+3 дауыс
меніңше Сәуленің қазіргі уақыттағы өмірге деген көзқарасын өзгертіп отырған өз-өзін бағалай білмеуінен қалыптасқан туынды. мұндай жағдайда адам өзін шынында ешкімге керексіз сезініп, өмірден баз кешеді. бірақ психологиялық шаршау немесе өмірден түңілу сияқты жағдайлар болғанымен уақыт өте келе өз қалпына келетін болады. ол үшін адам өзіне ұнайтын нәрсемен айналысып фильм қарау, музыка тыңдау, ойын ойнау, көшеде сейіл құру сияқты көңіліңді көтеретін сауық-сайран құру өте керемет көмек көрсетеді. сондай-ақ сенің ойыңды жақсы түсінетін сырлас достарыңмен әңгімелескен де тиімді.
+3 дауыс
Менде де в принципе самооценка төмен. Ну и че, бары осы деймін мен. Еркін бол, өз-өзіңмен бол. неге нақты көңілің толмайды? Ашып айт бізге, мүмкін жеңілдерсің. Ал психологқа барудың еш сөлекеттігі жоқ. Барсаң болады, морально жеңілдейсің.
+2 дауыс
бұл тек сізбен ғана емес, барлық адаммен күндердің күнінде болады, өзінізді жалғыз сезінсеңіз [email protected] әңгімелесіп женілдеп қаласыз. егер бет әлпетіңіз немесе фигураңыз ұзіңізге ұнамаса онда айналаңыздағыларды мінезіңізбен баурап алуға болады, ал мінезі өзгерту тек өзіңіздің қолыңызда.. барлық адам келбетке қарай бермейді, "сұлуынан жылуы" деген қағиданы ұстанушылар да бар, мен секілді. Менің жүрген қызым достарыма ұнамайтын, саған тең емес ғой деп, но маған олардың ойлары не важно, иа шынында ол ондай әдемі емес тұғын, мипаттап берсем бойы кішкентай, топақ қара қыз тұғын, но ол мені өз мінезімен баурап алды, дәл қазір мен оны қатты сағынып отырмын.... сұрақтан ауытқып кеткен жоқпын, сіз мінізіңізді жақсы жаққа ғарай ауыстырыңыз, сабақта үздік болыңыз, сонда сізге айналаңыздағылар басқа көзбен қарайды, іске сәт! аптаның 7 күні бар даусыңызбен "енді мен өйтпеймін, енді бәрі басқаша болады, мен өзгірімін, мен бәрінен лучше екенімді дәлелдеймін" деген секілді сөздерді қатты айқайлап айтыңыз, бұл шынымен көмектеседі! !!!
мынау сұрақтан ауытқып кетті деп ойлап отырсам, мен сұрақтан ауытқып кеткен жоқпын дееееп тұрсың ғой..........
...