+3 дауыс
2.3k көрілді
менде өз-өзімді ұнатпау, өзгеден өзімді төмен ұстау деген сияқты әрекеттер басым, мысалы бір қызбен таныссам кейін өзімді оған лайық емеспін деп ойлап екінші рет тиіспей қоям, мен өзім бойым ұзын арықтау келген жігітпін бәлкім содан болар өзімді басқалардан төмен ұстайтыным, бұрындары бойым орташа болатын қазыр достарымнын жанында жүруге қысылам  кейде маршруттарға мінген кезде де, қандай кеңес бересіздер? өз өзімді жақсы көру үшін не істеуім керек?
неге олай істейсің, оған не себеп болып жүр? қызбаласысың ба жоқ ербаласың ба?
ер баламын

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Иә, бұндай ойлар адамға тек кедергі жасайды, өте жаман дүние. Менде де кейде осындай болады. Тек менде емес, көпшілікте де бар деп ойлаймын.

1. Сізге өз-өзіңді бағалауды көтеретін кітаптар көп оқуды кеңес беремін. Олардың пайдасы тиеді.

2. Жаман болып көрінуден, қателесуден ешқашан қорықпаңыз. Қыз сізге жоқ деп айтатын болар дейсіз, бірақ сіз тырысып та көрген жоқсыз. Әрқашан тырысуды тоқтатпаңыз, көп мүмкіндіктің бірі сәттілік әкеледі. Сәтсіз мүмкіндіктер сізге сабақ болады, сондықтан тырысу, қай жағынан алса да, өте пайдалы.

3. Өз-өзіңізді жақсы көріңіз, тараныңыз, бояныңыз, әдемі болып жүріңіз. Сіз өзіңізді төмен санасаңыз, басқалар сіз туралы не ойлайды?

4. Әрине, реалисті түрде қарасақ, біз - дүнедегі ең мықты/идеал адам емеспіз. Менің орнымда басқа болса, бұны жақсы істейді деп ойлаймыз. Сондықтан тек оптимисті түрде ойлаңыз, өзіңізді болашақтағы/арманыңыздағы адамдай елестетіңіз, өзіңізді сол адаммын деп ойлаңыз. Солай өзіңе деген махаббатты арттыруға болады.

ps: Мен өзімді ұнатамын. Мен - ең мықтымын. Мен бәрін жасай аламын. Осы сөздер әрқашан ойыңызда жүрсін. Өзіңізді ұнатуды қазірден бастаңыз. Пікірге өзіңізді ұнататыныңзды жазыңыз) Сізге мотивация беріп жатырмын)
+1 дауыс
Өз-өзіңді жақсы көріп қайтесің? сен өзіңді өзгеге жақсы көрсетуге тырыспайсың ба...яғни жақсы қылығыңмен не болмаса жақсы амалдарыңмен, жақсы мінезіңмен өзгелерді ғашық етуге тырысып бақсай. Алланың (т.ғ.) берген сап-сау жан-тәніне қуанбайсың ба одан да!!!! Мүгедек немесе әзірейлі қылып жаратқанда да көнер едің ғой Алланың (т.ғ.) ісіне. Бауырым адаспа, сен тек ұяң, ұялшақтау  сияқтысың. Ер-жігіт адам  - еш уақытта өзін төмен ұстамас болар. Бірақ өзгеден өзіңді қатты жоғары санап жіберіп, тәкаппарлардан (күнәлі) болып жүрме!!! Сәттілік тілеймін!!!
Адам өзін өзі жақсы көріп сыйламаса оны ешкім сыйламайды
...