+4 дауыс
2.6k көрілді

Менің бір танысым бар. Оның арғы атасында алты, ергі атасында бес құным қалған жоқ. Бірақ өзін көрсем жыным қозып қалады. Ол сөйлесе ашулана бастаймын. Бір сөзбен айтқанда ол маған ұнамайды. Әсілі мен оны жек көрем.

Білем адамды жек көруге болмайды. Бірақ оған деген көзқарасымды дұрыстай алар емеспін. Не істесем болады екен? Оны көргендегі түрім:

 

Бұдан да үлкенірек смайлик табылмады ма?
))))))))))
Осы турің өзіңе жарасады.
Менде біреуді жек көре,оған ұқсайтын адам көрсем ,жүрегім айнып,құсқым келіп кетеді.
қыз ба бала ма
Белгісіз
сонша не болды алланың жаратқан адамынан жеркеніа
Белгісіз
Алла түрін тымЖақсы етіп жаратқан,бірақ өзі адамгершілігі жоқ,нағыз xайуан.

5 жауап

+1 дауыс
психологқа барңыз
+2 дауыс

Негізінде, менде де болды. Сөйлегені, жүргені, тамақ жегені, тіпті, ойлаған ойы да ұнамайтын. Өзінің түрі келісті болғанымен, бетіне қарап тұрып сөйлеудің өзі ыңғайсыз. Айтқан әңгімелері де мүлдем қызықсыз. Бірақ, қайта-қайта "биссмиллахымды" айтып, тынышталатынмын. Бұл заңды нәрсе.

Ал, осы күндері, қарым-қатынасымыз өзгерді деп айта аламын. Мен оған қуаныштымын, әрине, шүкір. Ал, сізге айтарым:

Өзіміз қатарлы досыңыз болғандықтан, субординация сақтап, шетке итере де алмайсың. 

Ол отырған жерде, өзіңізді лайық ұстап, онымен тіл табысуға тырысып, ОҒАН ЛАЙЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАҢЫЗ. 

мен мысалы қанша қаламасамда, бірінші сол үшін деп балмұздақ аламын. Пісте алсам да, киім алсам да, сыйлық алсам да сол үшін жеке біреуін аламын. Биік тауды шықсаң ғана аласың ғой. Шыңына қарап тұра берсең еш өзгермейді. Жағымсыз іс-әрекеттерінің барлығына тек ортақ әсер ету арқылы ғана өзгеріс енгізе аласыз. Былайша, қасында ұзақ жүрсеңіз үйреніп те кетесіз.

+3 дауыс

Жек көру - әлсіздердің ашуы. (Альфонс Доде)

Біз біреуді жек көргенде ол адамның ештеңесі кетпейді. Іштей жек көруден тек өзімізге зиян тауып аламыз.  Біріншіден, ол туралы ойлаған сайын бойыңызды ашу, ыза кернейді, бұл үнемі қайталанса стресс ретінде қалыптасады. Екіншіден, жек көргеніңізді іште сақтап қала алмай, әлдекімге айтсаңыз ғайбат, өсекке жол бересіз. Үшіншіден, өзіңіздің қымбат өміріңіздің бір минутын болса да өзіңіз жек көретін адам туралы ойлауға қия аласыз ба? Менің де ұнатпайтын танысым болды айналамда. "Суқанның" не екенін білмесем де, "суқаным сүймейді" деген тіркесті сол кезде барып түсіндім. Еш себепсіз оның бар болмысын ұнатпадым. Қасында жүруге мәжбүр болған кездерім болды, өзімді қоярға жер таппайтын едім. Артынан осы "жек көру" деген сезім арқылы өзіме жүк артып жүргенімді түсіндім. Ол адамға мүлдем көңіл бөлмейтін болдым. Оны ұнатпау арқылы өмірімде оған тым көп орын беріп қойғанымды түсіндім. Қазір өзімді әлдеқайда жеңіл сезінем. Мүмкін сіз де "немқұрайды қарау" әдісін сынап көрерсіз?!)

+2 дауыс
Бiреу сізді жындандырса,
Демек ол сізді жеңгенi!!!
                        Конфуций
0 дауыс
 
  1. Жек көрсең араласпа
  2. Не үшін жек көрітініңді бетіне айт,мүмкін олда сені жақсы көрмейтін болар. 
  3. Шынымды айсам менде кез келген адамды ұната бермеймін,әсіресе көңіліме қалған адамды жек көріп кетем. 
  4. Жек көру әсіресе адам таңдайтын тәкапар адамдарда кездеседі 
  5. Біреуді біреу жақсы көру міндет емес 
...