+1 дауыс
23.1k көрілді

Жүректің жиі-жиі тарсылдап соғуы, қолдардың кезек ұюы неден?

5 жауап

+2 дауыс

Тезірек дәрігерге қаралған жөн сияқты менің ойымша

+3 дауыс

Ағзаны алдайтын амалдар

Жағымсыз әсерлерден (мұрынның бітіп қалуы, тамақтың қышуы) арылудың, былайша айтқанда, өз ағзаңызды алдауға өзіндік бір тәсілдер бар. Кейде болмасын мұндай қиындықтар әр адамның басынан өтіп тұрады. Кішірігім болса да, көңілге тиіп кетері анық. Ендеше, олардан арылудың жолдары:

Қолдың ұйып қалуы

Шамалы күте тұрсаңыз, бәрі өз орнына келетінін бәрі де біледі. Шындығында, егер қол ұйып қалса, басты бірнеше рет айналдыра салу жеткілікті саналады. Көбіне қолдың ұюы мойын бұлшықеттері арқылы жүйке жүйесінің қысылып, тарылып қалуынан болады. Басты айналдырған соң, жүйке босап, ал қолға икемділік қайта орала бастамақ.

Тамақтың қышуы

Ал осы бір ұнамсыз әсерден арылу оп-оңай. Ол үшін құлақтағы бөбешікті уқаласаңыз, құлақ рецепторлары іске қосылатын көрінеді. Бұл тамақтың тарылуына алып барады, ал ол өз кезегінде тамақ қышуды аз уақытқа болса да жеңілдетеді.

Ине шаншудан қорқу

Көпшілік инеден қорқып жатады, бұл өз кезегінде көбіне жайсыздық алып келеді. Егер сіз инеден қатты қорықсаңыз, ине шаншу кезінде жай ғана жөтеліп көріңіз, сол заматта сіз еш ауырсынуды сезбейді екенсіз. Жөтелу кезінде кеуде жасушасы мен ми жұлын сұйығында іс-әрекет шиеленісе түсетін көрінеді. Сол арқылы ауырсынатын рецепторлардың сезімталдығы күрт төмендемек.

Егер сіз саусағыңызды күйдіріп алсаңыз

Мұндай сәтте күйген тұсқа сау саусақты басыңыз. Күлдіреуден сақтамақ. Әрине, мұз кесегі әлдеқайда тиімді әсер ететін шығар, бірақ сау саусақты қою арқылы күйген тұстың жазылуын жеңілдетесіз.

Мұрынның бітіп қалуы

Мұрын қуысы сіздің дем алуыңызға кедергі келтірмес үшін, тілмен таңдайды қаттырақ басыңыз, сосын қас тұсын уқалаңыз. Бұл мұрынның бітіп қалуын 20 секундқа арылтады.

Мұрыннан қан таму

Мұрыннан қан кетудің алдын алу үшін, ол үшін мақтаның бір түйірін қызыл иекке қойыңыз. Бұл мұрын қалқасына қарсы қысымды арттырып, қанның тамуын төмендетеді.

Жүгіру кезінде бір бүйірдің ауыруы

Егер сіз жүгіру кезінде бір бүйіріңіздің ауырғанын сезінсеңіз, ол үшін салмақты сол аяққа тастай отырып, дем шығаруыңыз тиіс. Осы арқылы сіз бауыр етінің диафрагмаға қарсы қысымын төмендетесіз. Оң аяққа аяқ басып, дем шығару арқылы өзіңіздің бауырға қысым арттыратыңызды жадыңызда ұстауыңыз шарт.

Есіңізде болсын, өз денеңізді алдаудың әдіс-тәсілдері көп, тек сіз қиындық келтірген іс барысына ойлана қарасаңыз болғаны... Ағзаны алдаудың өзге де тәсілдерін білсеңіз, бөлісе отырыңыз?!

Сұраққа нақты жауап беріп үйреніңіз, не болса соны жаза берген дұрыс емес.
+2 дауыс

Жүрекпен ойнауға болмайды, сайтта сұрақ жазып сұрағаныңызда дұрыс шығар, бірақ сізге кешіктірмей кардиолог дәрігердің кеңесіне жүгінгеніңіз абзал болар еді.

+1 дауыс

Егер сіздің қолыңыз ешқандай жұмыс істетпей күні бойы ұйып ауыратын болса онда сіздің қаныңыз қоюланып қалған.Қаның қойылып айналымға өте нашар түсуі әдетте бауыр қызметін дұрыс атқармауынан болады.Менің анам осылай ауыратын дәрігіергі көрінді нанотехнологиялармен емделді қазір шүкір денсаулығы жақсы.

–1 дауыс

Мүмкін жемсау (зоб) болуы мүмкін.Қалқанша безін УДЗ (УЗИ)ге, жүректі ЭКГге түсіріп, Т3,Т4,ТТГ деген гормондарға қан тапсырған дұрыс

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 10.08.2021 Тазалық сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...