+2 дауыс
2.6k көрілді
Ажалы келсе адам быламықтан да өліп кетеді дейді әжем. Адамзат қонақ қой бұл пәниге . Бүгін барсың ,ертең жоқ... Ауылда бір апа қайтыс болды жақында. Жүрегі тоқтап қалыпты дейді. Жүректің бірден тоқтап қалуы неден болады?

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Ия, кейде ешқашан жүрегім ауырады деп айтпаған адам ,кенеттен жүрегі тоқтап қалып,өмірмен қоштасатынын өмірде болып жатады. Бұған себеп, жүрек қағысының бұзылулары  яғни аритмияның кейбір түрлері жатады.Кейбір, тіпті өте жас адамдарда пароксизмальная тахикардия,мерцательная аритмия , ВПВ синдром деген жұрек бұзылулары кездеседі. Бұлардың қауіптілігі сол, диагноз қою өте қиын, қалыпты жағдайда қызметін атқарып тұрган жүрек аяқ астынан соғуы жиілеп, тіпті қараптан қарап, ізіңнен ит қуып келе жатқандай соға бастайды. Жиілеген сайын ,жұрек еті толығымен жиырылып үлгермей қанды толық көлемде аортаға айдай алмайды. Әрі қарай қан қысымы төмендеп, адамның басы айналады, есінен танады.Дұрыс айналмаған қан ұйып, тромб пайда болып, әрі қарай тамырларды бітеп,адамның аяқ астынан өліп кетуі әбден мүмкін.Сондықтан егер өзіңде немесе жақыныңда осындай белгілер болса, онда кардиолог мамандаврға барып, қаралған дұрыс. Диагноз қою өте қиын болғандықтан ,жүректің УЗИі немесе Эхо кардиограмма,тәуліктік ЭКГмониторинг жасатқызып қаралған дұрыс.
+2 дауыс
Қысымнан, ыстықтан, жүрекке жақпайтын тамақтан, шаршағаннан, Алланың бұйрығынан. Ажалың жетсе кез келген нәрсе сылтау болады ғой. Жаратушы бұйрығын тоқтату мүмкін емес. Көбінесе жүрек тоқтағаннан қартайған, 46-дан ары қарайғы адамдар қайтыс болады ғой. Ғылым тілінде инфаркт дейді ау дим.
+2 дауыс
Жақсы қолданушы керемет түсіндіріпті, жүректің аурулары көөөп.. Кейде жүрек қақпақшалары толық жабылмай қалуынан қан кері қарай ағып ол біртіндеп жинақталып тромб түзіп жүректің жиырылуына кедергі болады да жүрек жиырылмай тоқтап қалады. Жүректің ишемиялық ауруында да жүректің қабаттарында май түзіліп жиырылуына кедергі келтіріп тоқтап қалады. Айта берсек себебі жетерлік, ревматищмнің жүрекке берілуінде де бета геммолитикалық стрептококк тың әсерінен жүрек қабынып тоқтауы да мүмкін. Сақтансам сақтайм деген екен, сол сияқты уақытылы тексеріліп тұру керек айтуға оңай болса да.
+1 дауыс
Обширный миокард инфаркты немесе синдром внезапного смерта
...