0 дауыс
18.5k көрілді
Маңдайдағы безеуге қандай ем қолдануға болады? Кір сабынмен жуу безеуді шынымен кетіреді ме ?

2 жауап

+1 дауыс

Майлы безеу. Атауының өзі айтып тұрғандай, бұл безеу тек май клеткаларында орналасады және терінің қалдықтары мен майдан тұратын қатқыл бөртпе. Көбінесе көздің айналасына, Т-аймаққа жиі шығады. Терінің терең қабатында орналасатындықтан, оны сығып тастау мүмкін емес. Үнемі бақылап жүрсеңіз, көлемінің ұлғайғанын байқауға болады, бұл май мен өлі тері қалдықтарының сол жерге жинала беретіндігінен болса керек. Неден пайда болады? Медицинада майлы безеу толық зерттеліп болған жоқ. Нақты неден пайда болатыны белгісіз. Тек болжамдар жасалады. Солардың ішінде ең ақылға қонымдысы – ішкі ағзалардың жұмысына байланысты деген нұсқа. Әсіресе ұйқы безі, бауыр, ас қорыту жүйесінде кінәраты бар адамдарға жиі шығатыны байқалған.

Қалай құтыламыз? Екі жолы бар.

1. Дерматологқа көріну не косметолог кабинетіне бару. Ең дұрысы сол. Косметолог майлы безеудің көлеміне байланысты пилинг, лазерлі сәуле немесе электрокаогуляция тәсілдерінің бірін қолданады. Егер майлы безеулер саны аз болса және терінің беткі қабатына жақын орналасса механикалық тәсілді қолдануы да мүмкін. Безеулер алынған соң арнайы емдеу курсын береді. Антибиотиктер, шипалы маскалар, салицил қышқылы, құрамында оксиқышқылы бар кремдер ұсынылады. 2. Механикалық тәсіл. Бұл тәсілді тәжірибелі, қолының ебі бар адам жасауы керек. Бетті тазалап, майлы безеу аймағын спиртпен сүртесіз. Ұшы жіңішке инені зарарсыздандырып (отқа немесе спиртпен) майлы безеудің бетін тереңдеу тесесіз. Сосын безеу майы шығатындай етіп еппен басу керек. Егер қолыңыздан келмей жатса, шұқылап әуреленбеңіз. Себебі май тереңге кетіп, шығару қиынға соғады, әрі тері бүлініп, ауру тауып алуыңыз мүмкін. Көз қабағына жақын орналасқан майлы безеуе бұл тәсілді қолдануға болмайды.

Біржола құтылуға бола ма? Болады.

1. Тамақты талған ішіп-жеу керек. Майлы, қуырылған дегендердер аузыңызды аулақ ұстайсыз. Ұннан жасалған тағамдар мен тәттіге де шектеу қоюға тура келеді. Балауса көк, жеміс-жидек, шөп-шалаңға жақын боласыз. 2. Бет терісін де күтімде ұстау керек. Аптасына бір рет пилинг жасаған жөн. Құрамында жеміс қышқылдары бар құралдарды пайдалануға кеңес беремін. Пилинг өлі клеткалардың жиналып, бет терісінің қалыңдауының алдын алады. Сондай-ақ, балшық негізіндегі маскалардың пайдасы зор. Ондай маскалар май бездерінің жұмысын қалпына келтіріп, теріні қажетті микроэлементтермен қамтамасыз етеді, бұл терінің қалпына келуі үшін қажет. 3. Егер қарсы көрсетілім болмаса, А және Е дәрумендерін ішуге болады. Ал ең бастысы, ұйқыңызды қануы шарт және жиі ашу шақырмаңыз!

Айтпақшы кір сабын безеуді толық кетіреді деп айта алмаймын,жай ғана майлы бетті құрғатады.Майлы бетті кетіру үшін көбіне бетке арналған сабындармен жуып тұру керек.Майлы тамақтарды аз-аздан жеу керек және беттегі безеуді сықпау керек.Безеуге арналған крем маған ештеңе әсер етпеді.Сізге кеңесім бетке арналған табиғи маска жасаңыз.Майлы теріге: Қырыққабат жапырақтарын үккіштен өткізіп, оған жұмыртқаның ағын араластырып, бетіңізге жағасыз, 15-20 минуттан соң, жылы сумен жуыңыз.

Жалпы осыған ұқсас сұрақтар өте көп,бірінші іздеп қараңыз сосын сұрақ қойыңыз,осыны ескергеніңіз жөн.

0 дауыс
16Безеу əкеден балаларға беріле?
...