0 дауыс
Аллергия ауруымен ауыратын адамдар Қазақстанда көптеп кездесіп жатады неден болады?
12.02.2015 843 қаралым

2 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Шаң -тозаңнан......
12.02.2015
+2 дауыс
Аллергия — ағзаның бөгде затқа деген сезімталдығының әсері. Ол ауадан, күннен, шаң-тозаң, гүл, өсімдіктер, тағам, дәрі-дәрмектер, бояғыш заттардың денеге кері әсерінен пайда болады.

Аллергияның пайда болуына екі фактор әсер етеді. Бірінші фактор — тұқымқуалаушылық, екіншісі — жүре пайда болатын аллергия. Әдетте өсімдіктердің тозаңынан болатын аллергияның түрлері өте көп. Бұл — маусымдық поллиноз, аллергиялық коньюктивтің кең таралған түрі. Сонымен қатар темекі түтіні, қоршаған ортаның ластануы, жәндіктердің әсерінен де аллергиялық дерт жиі пайда болады. Алматы қаласының өзінде аллергиялық аурудың 20-ға жуық түрі кездеседі, соңғы жылдары бұл ауруға шалдыққандардың саны 30 %-ға өскен
12.02.2015
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы