+4 дауыс
11.4k көрілді

Мен компьютердің алдында ұзақ отырамын, көзге қандай жаттығулар жасауға болады?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Мына сұрақтағы жауап.

1. Көздің қарашығымен оңға(солға), жоғары(төмен) басты бұрмай қараймыз. Көзді барынша бұру керек. 2. Көздің қарашығын сағат тілімен және сағат тіліне қарсыбағытта айналдырамыз. Одан кейін көзді жұмып осылай жасаймыз. 3. Тік отырып айналады ең алыс нүктеге қарап бірден ең жақын нүктеге қараймыз басты бұрмай 4. Көздің қарашығымен ауада"8" санын саламыз. Сан неғұрлым жақсы салынса соғұрлым жақсы Айта кететін жайт: Жоғарыдағы жаттығулардың барлығын адам көтеріңкі көніл-күймен жасағаны абзал. Әр жаттығуды 8-10 реттен қайталау керек. Бірақ жаттығуларды жасаймын деп көзді шаршытып алуға болмайды! Басында аз-аздан бастаған жөн.

Мына жердегі ақпарат.

Компьютермен ұзақ жұмыс істеушіге арналған көз жаттығулары

Көзіңізді жиі-жиі жыпылықтатыңыз

15 минуттан соң 2-3 минуттай алысқа қараңыз.

20 минуттан соң екі шынтағыңызды үстелге тіреп, алақаныңызбен екі көзіңізді 1-2 минутқа жабыңыз.

1 сағаттан соң, омыртқаға арналған жаттығуларды істеңіз:

Оң және сол жаққа еңкейіп-шалқайыңыз. (1-2 мин)

Беліңізді айналдырыңыз (1-2 мин) (“круговые движения туловища” дегенді қалай аударсам болады?)

Ең болмаса, компьютер үстелін бір айналып шығыңыз.

Бұдан бөлек, Нұрғиса ұсынған көз жаттығулары бар (суретте). Оларды да орындау артықтық етпейді.

Компьютермен жұмыс көзіңізді шаршатпасын. Бүгінгі күніңіз қуанышты хабарларға толы болсын!!!

Негізі компьютерге уақытпен отырған дұрыс, өте көп отырса компьютер көзге зиян.

Компьютердің мониторынан бір сәуле бөлініп шығады екен, (атын ұмытып қалып отырмын) сол сәуле адамның көзіне әсер етеді екен. Көздің нашар көруіне әкеліп соғады.

0 дауыс

Мектепте информатика сабағы болмадыма не сендерде? көзге қалай жаттығу жасау керек екенін үйретушедіғой мұғалімдер. енді ол жаттығуды жазып түсіндіру мүмкін емесқой сондықтан басқа кеңес берейін. мына очкиді компьютердің алдында көп отырып көзің шаршап ауырғанда бір 10-15 мин қа кисең пайдасы көп тиеді, өзі қатты қымабатта емес мен Алматы қаласынан 1200  тенгеге алғам)))

Көздің көруін жақсартадыма? Компьютерде отырып киіп отыруға боладыма?
0 дауыс

Компьютерлік көзілдірік алыңыз, компьютерден шығатын зиянды сәулелерден қорғайды.

Жаттығуларды Ютубтен көзбен көрген жақсы.

0 дауыс

сіз 1 сағат компьютердің қасында отырмай, 5 минут сайын көзінізді көзінізді жұмып жаттықтырыңыз

0 дауыс

Егер менің жауабым ұнаса маған жоғары дауыс бер.

Көзге арналған жаттығулар:

Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;

Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;

Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;

Тез арада көзді ашып – жұму;

Көздерді солжақ астыңғы бұрыштан, оңжақ үстіңгі бұрышқа қарату. Дәл солай бірақ енді керісінше жасау.

Әрбір жаттығуды кемінен 6 рет қайталау қажет.

1 жаттығу

 Екі көзімізбен бірге екі қасымыздың ортасына қарап көрейік, осы күйімізде 5 секуд тұруымыз қажет.

2 жаттығу

Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап, осылай 5 секунд тұрамыз.

3 жаттығу

Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз

4 жаттығу

Дәл 3 жаттығуға сәйкес, бірақ керісінше сол жақ иығымызға қарап, 5 секунд тұрамыз

5 жаттығу

Көзіміздің қарашығын сағат тілімен айналдыру және керісінше айналдыру. 3-4 қайталау.

6 жаттығу

Отырып жасаймыз. 2-3 секунд алға қара, содан назарыңды оң жақ қолыңның сұқ саусағына қара, ол мұрын алдында 25-30см жерде, 3-5 секундтан соң қолыңды жібер.

7 жаттығу

Отырып жасаймыз. 2-3 секунд сол қолыңның сұқ саусағын алдыға созып қара, содан қолыңды бүгіп мұрныңа жақындат.

8 жаттығу

Отырып жасалады. 3-5 секунд созылған оң қолыңның сұқ саусағына қара, содан сол қолыңның алақанымен сол жақ көзіңді 3-5 секундқа жаба тұр, осы арада оң жақ қолыңды бүгіп және жазып тұр. Ал енді керісінше оң қолыңмен оң жақ көзіңді жауып орында.

 

Ұқсас сұрақтар

...