0 дауыс
Компьютерде жұмыс істеп шаршағанда көзім ауырып,қызарады сонда қанадай көзге арналған жаттығу жасау керек?
25.05.2013 4.6k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
1. Көздің қарашығымен оңға(солға), жоғары(төмен) басты бұрмай қараймыз. Көзді барынша бұру керек. 2. Көздің қарашығын сағат тілімен және сағат тіліне қарсыбағытта айналдырамыз. Одан кейін көзді жұмып осылай жасаймыз. 3. Тік отырып айналады ең алыс нүктеге қарап бірден ең жақын нүктеге қараймыз басты бұрмай 4. Көздің қарашығымен ауада"8" санын саламыз. Сан неғұрлым жақсы салынса соғұрлым жақсы Айта кететін жайт: Жоғарыдағы жаттығулардың барлығын адам көтеріңкі көніл-күймен жасағаны абзал. Әр жаттығуды 8-10 реттен қайталау керек. Бірақ жаттығуларды жасаймын деп көзді шаршытып алуға болмайды! Басында аз-аздан бастаған жөн.
25.05.2013
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы