0 дауыс
911 көрілді
Сәлеметсіздерме.Бүгін мектепке көзді тексеріп едік.Мен ешқандай әріпті анық көре алмадым,бәрі бұлдырлап тұрды.Шамасы көз көру қабілетім нашарлап кеткен сияқты.Анама айтсам ұрысып берді,бәрі телефоннан деп!Не істесем болады?Очки таққым келмейді.Көзге арналған қандай жаттығулар бар?жасым небәрі 13те

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Мамандар арнайы жаттығуларды жасау арқылы жанарды қалыпқа келтіруге болатынын айтады. Жалпы, көз бұлшықеттер арқылы жұмыс жасайды. Дәрігерлер сол бұлшықеттерге күн сайын жаттығу жасау керектігін айтады. Әсіресе таңертең және кешкілік уақытта көзді шынықтырған әлдеқайда пайдалы екен. Сонымен қатар жаттығуды алдымен аздан бастап, үйрене келе көзді көбірек шынықтыруға болады. Жай қимылмен, линзасыз және көзілдіріксіз жасағандұрыс. Сонда көздің көргіштігі жақсарып, қалыпты жұмыс жасай бастайды.

Көзді жеңіл әрі тез-тез ашып-жұмыңыз. Жаттығу 2 минут жасалады. Бұл жаттығу көздің қанайналымын жақсартады. Ермексазды пайдаланып, кішкентай дөңгелек жасап аласыз да, терезеге жабыстырып қоясыз. Содан соң сырттан алыста тұрған бір затты белгілеп алып, бірнеше секунд қарап тұрасыз да, артынша терезеге жабысқан ермексазға жанарыңызды бұрасыз. Берілген жаттығуды біраз күн жасағаннан кейін тапсырманы қиындатуға болады. Ол үшін әртүрлі қашықтықтағы 4 заттарды көзіңізбен белгілеп, әрқайсысына бірнеше секунд қарап тұруыңыз керек. Үшінші жаттығуда көзді барынша жұмып 5 секунд тұрасыз, артынша көзді қатты ашасыз да тағы сонша уақыт тұрасыз. Осылайша жаттығу 8-10 рет қайталануы тиіс. Аталмыш жаттығу қабақ бұлшықеттерін нығайтып, қанайналымның жақсаруына әсер етеді. Сонымен қатар, көз бұлшықеттерін босаңсытады. Әрбір қолыңыздың үш саусағымен қабақты 1-2 секунд басып тұрасыз. Сосын қайта босатып, қабақты саусақпен басуды жалғастырасыз. Көз ішіндегі сұйықтықтың айналымын жақсартқыңыз келсе, осы жаттығуды жиі-жиі жасаған дұрыс. Денемізге қарама-қарсы душты қалай қабылдасақ, көзге де мұндай массаж өте қажет екен. Таңертең ұйқыдан тұрғанда алдымен ыстық сумен (күйіп қалмайтындай болу керек) көзді шайып, артынан салқын сумен жуасыз. Кешкі уақытта керісінше салқын сумен шайып алып, соңынан ыстық суды пайдалнасыз. Міне, осылайша жасалған гидромассаж көзге өте пайдалы. Көзге ең алғашқы көмекші құрал ретінде бұл жаттығудың алар орны ерекше. Көзді бірнеше минут бойы жұмып, есте қалған жағымды сәттерді ойлаңыз. Көзді ыстық алақанмен басып тұрсаңыз, нәтижесі тез байқалады. Ол үшін алақанды бір-біріне ысқылап, көзіңізге басыңыз. Енді көзге біраз салмақ түсіретін жаттығулар жасаймыз:


http://ernur.kz/fitnes/7-kunde-kozdin-korgishtigin-zhaksartatyn-zhattyghu

0 дауыс

Көзді жақсартудың жолдары көп. Пайдалы тағам, витаминдер ішіп, массаж жасауға болады.

Көзге пайдалы тағамдар

Көзге ең пайдалы көкөніс – сәбіз. Оның құрамында көздің көруін жақсартатын бета-керотин, А витамині көп. Бета-керотин, әсіресе, түнде көруін жақсартады.

Сәбізден кейінгі азық – қаражидек. Қара жемістің құрамында В және С витаминдері мол.

Қаражидек, әсіресе, компьютердің алдында ұзын-сонар жұмыс жасайтын адамдарға аса қажет. Қаржидекпен бірге көк шөп, цитрус жемістер, балық қосып жеуге болады. Көк шөпте С, В және А витаминдері мол. Ал цитруста С витамині көп әрі көздің өзегін жақсартады. Балықта минералдарға бай Омега-3 қосындысы бар.

Қаражидектің өзін таба алмасаңыз, қаражидек қосылған дәрі-дәрмектерді, шөп шәйді алсаңыз болады.

Көзге бета-керотині көп асқабақ, құрма, манго, итмұрын, авокадоның да пайдасы бар.

Халық емі

Көзді жақсартуға арналған келесідей жолдары бар:

1. Бал қосылған шәйді көзге тамызу. Шәй суыған соң тамызған дұрыс. 5 тамшы жетеді.

2. Фенхельді қара шәйге қосып суытып, шүберекке орап көзге басқан жақсы.

3. Таңқурайдың қайнатпасы. Қайнатқан соң екі сағаттан кейін ішіңіз. Күніне үш рет бір-бір стақаннан.

4. Қалақайдың жапырағын салатқа қосып жеңіз немесе тұнба ретінде дайындасаңыз да болады.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/61869/

...