Егер менің жауабым ұнаса маған жоғары дауыс бер.
Көзге арналған жаттығулар:
Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;
Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;
Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;
Тез арада көзді ашып – жұму;
Көздерді солжақ астыңғы бұрыштан, оңжақ үстіңгі бұрышқа қарату. Дәл солай бірақ енді керісінше жасау.
Әрбір жаттығуды кемінен 6 рет қайталау қажет.
1 жаттығу
Екі көзімізбен бірге екі қасымыздың ортасына қарап көрейік, осы күйімізде 5 секуд тұруымыз қажет.
2 жаттығу
Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап, осылай 5 секунд тұрамыз.
3 жаттығу
Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз
4 жаттығу
Дәл 3 жаттығуға сәйкес, бірақ керісінше сол жақ иығымызға қарап, 5 секунд тұрамыз
5 жаттығу
Көзіміздің қарашығын сағат тілімен айналдыру және керісінше айналдыру. 3-4 қайталау.
6 жаттығу
Отырып жасаймыз. 2-3 секунд алға қара, содан назарыңды оң жақ қолыңның сұқ саусағына қара, ол мұрын алдында 25-30см жерде, 3-5 секундтан соң қолыңды жібер.
7 жаттығу
Отырып жасаймыз. 2-3 секунд сол қолыңның сұқ саусағын алдыға созып қара, содан қолыңды бүгіп мұрныңа жақындат.
8 жаттығу
Отырып жасалады. 3-5 секунд созылған оң қолыңның сұқ саусағына қара, содан сол қолыңның алақанымен сол жақ көзіңді 3-5 секундқа жаба тұр, осы арада оң жақ қолыңды бүгіп және жазып тұр. Ал енді керісінше оң қолыңмен оң жақ көзіңді жауып орында.