Менің ойымша, қазір "қай мамандық сұранысқа ие деп емес, қай бизнес түрін жүргізген тиімді" деген сұрақпен мазалану керек. Кез-келген адамның ортақ алға қойған мақсаты бар деп жіберсек, бұл ой қате бола қоймас. Яғни, кез-келген адам алдымен өзінің денсаулығы жақсы, қарны тоқ, киімі бүтін, одан кейін жеке баспанасы, көлігі қосымша құралдары болғанын қалайды. Иә, бұл адамның биологиялық тіршілік иесі ретінде қажет ететін дүниелері. Одан соң әрине, отбасына қамқор болуға септігін тигізуі, одан соң қоғам деп кете береді. Қазіргі нарық заманында осылардың барлығына қол сұғу үшін, ең алдымен қаржылық тәуелділіктен құтылу қажет екен. Бұны шешу үшін, жұмыс істеу керек. Бірақ, жұмысты физикалықтан гөрі, баспен ойластырып барып істеген дұрыс болар. Әр адам бер жағын айтайық, көлік пен үйге қол жеткзуі үшін, айына бірнеше мың долларлық кірісі болуы керек. Кез-келген мамандық бұған мүмкіндік береді ме? Ал, бизнес бұған мүмкіндік береді дегенге келісуге болады деп ойлаймын. Сонымен, дамыған шет елдерде шағын бизнес мемлекеттің қорын толтыруға өз үлесін зорынан қосып отырса, онымен айналысатындар саны өте көп екен. Ендігі үкімет асырайды, жақсы айлық төлейтін мамандыққа оқып алсам деген жоспарды өз басымнан сызып тастағанмын. Себебі, қазір тек қана Абай атамыздың айтып кеткен мына өлеңінің заманы: "Сенбе ешкімге тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап! Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен еңбегің - екі жақтап!"