+2 дауыс
348 көрілді

Мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандарға арнап 2015 жылға апнайы жолдау жасалған болатын. Сол бағыт бойынша неге интернетті қолдана алатын мүмкіндігі шектеулі жандарға арнай бір сайт ашылмайды. Ол жандар бір бірімен сойлесе отырып өмірге деген құлшыныс пайда болар еді. Бір сөзбен айтқанда бір біріне поддержка береді. Сұрағым Серикбаев Ерболға

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Нурида жақсы ой. Толықтыра кетсем. Біз мемлекеттік организация емеспіз, көбіне өзімізді жеке кәсіпкер ретінде қарастырамыз. Ал сіздің айтып жатқан ойыңыз әлеуметтік жоба. Оны қолдайтын осы бағытта жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдар, арнайы органдар бар. Солардың құзырында. Бұл бірінші жағдай.

Екінші жағдай бар. Мүмкіншілігі шектеулі жандар деп отырсыз. Қателеспесем мемлекеттен үлкен қаражат бөлініп, мүмкіншілігі жектеулі жандарға арнайы бейімделген компьютерлер таратылып берді. Оны ауылға барған кезде танысымның үйіне аудандық Гаранодан берілген компьютерді көрдім. Ол қарапайым интернетке шығуға мүмкіншілігі бар компьютер. Одан да бөлек мүмкіндігі шектеулі жанға байланысты, арнайы өзгертілген компьютерлер де мемлекет тарапынан қарастырылынып таратылып берілді. Бірақ барлығы үйге жетті, сапалы деп айта алмаймын. Жоқ деп те айта алмаймын. Ол жағы тендерді жеңіп алып, отчет тапсырған адамдардың ар-ұятына қалдырдым.

Үшінші жағдай интернеттің артықшылығы мұнда сені бөліп жармайды. Барлығы тең. Адамдар кіретін ортақ сайттары бар. Мысалы Сұрақ-Жауап сайты. Мұнда жалпыға ортақ сайт ережесі бар. Сол ережеден шығып кетпегенін қадағалап отырамыз. Сайтта ақпаратпен бөлісіп, араласып, білгенін айтып, көмек қолын созуға барынша жағдай жасауға тырысамыз. Мүмкіншілігі шектеулі жандар да сайтты емін еркін қолдануына болады. Қалаған тақырыпта сұрақ қойып, қалаған сұраққа жауап беруіне. Тек сайт ережесін ұстанса болғаны. Себебі сайт ережесі жалпыға ортақ.

Біз өз кезегінде мейлінше сайт мүмкіншілігін арттыруға тырысамыз. Егер қажеттілікке байланысты қолданушының қажеттілігіне қарай сайт қаріптерін үлкейтуге болатын, артқы түстерін өзгерту, сайт бетін үлкейту т.б. техникалық мүмкіншіліктерді жасауға болады. Оның өзі біршама сайт мүмкіншілігіне өзгертулерді енгізуді талап етеді. Оны мейлінше қолдан келгенше жасауға тырысамыз, егер ондай сұраныс болатын болса әрине.

Алып қосар пікірлеріңіз болса жауаптың астына пікір қоса кетсеңіздеер болады.

0 дауыс

Жақсы ой,  жолдау жасалса болашақта қолға алынатын шығар.

0 дауыс

Жақсы ой.Ашатын адамдар бар болар.Спорттық сайт аша бергенше,сіз айтқандай сайт ашқан жөн.

...