0 дауыс
52.8k көрілді
Елбасының «Нұрлы жол- Болашаққа бастар жол» атты жолдауын талқылау?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы – өзінің тарихилығымен ерекшеленетін кезекті құжат. Елдің Жаңа экономикалық саясаты туралы Жолдау барша қазақстандықтар сияқты Жаңақорған халқы тарапынан да бірауыздан қолдау табуда.

Өздеріңіз байқағандай, Елбасының қазақстандықтарға жолдаған жаңа Жолдауында түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан. Ұлт көшбасшысы халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған.

Бірінші. Көліктік-логистикалық инфра­құрылымдарды дамыту.
Екінші. Индустриялық инфра­құры­­­лымдарды дамыту.
Үшінші. Энергетикалық инфра­құры­лымдарды дамыту.
Төртінші. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұ­рылымдарын жаңғырту.
Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту.
Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылым­дарды дамыту.
Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.
Сонымен бірге Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен түспейтінін айтты.
Ел экономикасының дамуы көлік қатынасының өркендеуімен тығыз байланысты. Өздеріңізге белгілі, жеті бағыттың алғашқысы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз: «Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді...»,–деп Жолдауда нақты айтты. Бұл бағытта біздің ауданымызда да біршама жұмыстар атқарылды. Соның бірі ағымдағы жылы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына 36 551,0 мың теңге қаржы бөлініп, 34,538,0 мың теңгесі игерілді. Ал келер жылы Жайылма, Байкенже, Қаратөбе, Қожамберді, Кеңес, Жаңарық елді мекендерінің ауылішілік көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмекші.

Жолдаудың екінші бағыты – индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту болып табылады. Бұл бағытта Елбасы облыстардан индустриялық аймақтар құруды тапсырды. Бәрімізге белгілі, Индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы аясында облыста 22 жоба іске асырылса, оның 5 Жаңақорған ауданында іске асырылды. 1 жоба Республикалық даму картасына енді, 4 жоба аймақтық даму картасына еніп отыр. 2010-2014 жылдары өндіріс саласына 48 млрд 277 млн теңгеден астам инвестиция салынып, жаңадан 987 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Индустриалды – инновациялық даму мақсатында қомақты инвестициялар салып, аудан экономикасының өркендеуіне зор үлес қосып отырған «Казатомпром» Ұлттық Корпорациясы» Акционерлік Қоғамына қарайтын уран өндірісімен айналысатын Қызылқұм, Байкен-U, СКЗ-U Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктерінің жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін зауыты, қорғасын-мырыш кенін өндіретін «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС-гі, қиыршық тас өндіретін «Казпром –Қызылорда Компаниясы» ЖШС-гі, «Шалқия-Неруд» ЖШС-гі, «КДСМ Қыран» ЖШС-гі, «УАД» ЖШС-гі компаниялары. Бұл компаниялар заман талабына сай жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолдану арқасында зор табыстарға жетіп отыр.

Алдағы жылдары, индустриялы-инновациялық дамудың екінші бесжылдығында ауданда бірнеше инвестициялық жобалардың іске асырылуы жоспарлануда. Осы орайда, Облыс әкімі аппараты мәжілісінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес Жаңақорған кентінен шағын индустриалды аймақ ашу мақсатында жер учаскесі таңдалып алынды. Бүгінде ол жер аумағы тазартылып тегістелді. Тиесілі өлшемдері жасалып учаскелерге бөлінді. Учаске аралық жолдары салынды. Бүгіні күні осы аймаққа орналасып, кәсіпкерлік нысандарын салуға 30-дан астам азаматтар тілек білдіріп отыр.
Елбасы Жолдауда тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мәселесіне айрықша маңыз берілгені белгілі. Оның ішінде мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімге жалға беруді ұсынды. Бұл делдалсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құқын арзандатуға мүмкіндік тудырады.

Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясатында шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау білдіруді де ұмыт қалдырған жоқ. Бұл жөнінде Елбасы Жолдауда: «Бүгінде Ұлттық қордан Шағын және Орта Бизнесті қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес»,- деп атап өтті. Расында да мұның өзі кәсіпкерлер үшін бұл – бұрын-соңды болмаған мемлекеттік қолдау.

Ал білім саласына келетін болсақ біздің облысымызда үш ауысымда жүретін мектептердің мәселесін толығымен шешілген. Биылдың өзінде ауданымызда жаңадан 5 мектеп (№52 Сүттіқұдық, №161 Қосүйеңкі, №164 Құттықожа, №195 Жайылма, №209 Түгіскен) пайдалануға берілді. Ал апатты мектептердің жағдайы алдағы жылы өз шешімін табатын болады.

Елбасымыздың қай бір Жолдауын алып қарасақта астарында ұлт болып ұйысу, халық болып бірігу, ел болып қиындықтарды еңсеру идеясы жатқанын байқауға болады. Елбасының «бірлікті табыстың кілті» деуі сондықтан болар, бәлкім. Олай болса,

Құрметті аудан активі!

Қадірменді жерлестер!

Елбасымыздың өзі айтқандай, дамуы­мыз жедел, келешегіміз кемел болуы үшін сіздерді алдағы уақытта Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау жолында бірлікпен, абыроймен қызмет атқаруға шақырамын. Тек ең бас­тысы, ел­дігіміз еңселі, бірлігіміз бүтін, деніміз сау, әр ісіміз нәтижелі болғай!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстандық жол 2050» бір мақсат, бір бағыт, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын идеологиялық түсіндіруге арналған актив жиынында сөйлейтін сөзінің желісі

...