+1 дауыс
1.8k көрілді
Мүмкіндігі шектеулі жандарға үкіметтен қандай көмек бар? қайда барамыз, кімнен көмек сұрап.

1 жауап

0 дауыс
Әлеуметтік көмектің берілу тәртібі: мүгедектер медициналық әлеуметтік комиссиядан өткен күннен бастап ай көлемінде мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасы (индивидуальная программа реабилитации – ИПР) толтырылып беріледі . Сурдотехникалық құралдар – есту кемістігін түзетуге және олардың орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның ішінде байланыс және ақпарат беруді күшейтетін құралдар. Сурдолог маманның қортындысы қажет. Тифлотехникалық құралдар – мүгедектердің көру кемістігі нәтижесінде жоғалтқан мүмкіндіктерін түзетуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар. Протездік – ортопедиялық құралдар дегеніміз – қол мен аяқты немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын аурудың немесе денсаулықтың бұзылуы салдарынан организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмысында мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жоғарыда аталған құралдармен жұмыс берушінің қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Протездік – ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер тұрғылықты тұратын жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш береді.
...