Жалпы көк шайдың пайдасы көп!!!
Шайды ХІХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзіне Қытай өзі ғана сатып келді. Қытайлықтар шай өндіру сырын жібек, фарфор, дәрі өндіру құпиясын жасырғандай, керемет ұқыптылықпен басқа халықтардан жасырып келді. Бірақ, осы шайдың сырын үйренуге көпшілік құлшынып отыр еді. Бұны білмекке құмартқан ағылшынның кәсіпкері бір көңілшек қытайға көп ақша беріп оны әзірлеу технологиясын үйренеді. Бұл- қытайларды шай сатудан түсетін орасан зор пайдадан айырды.Яғни шайдың бұтадан дайындалатыны құпия болмай қалған сәтте оны саудалайтын нарыққа талас басталып кетті. Шайдың отаны сонымен – Қытай. Біз шай деген атауды солтүстік (Пекин) диалектісі «ча» атауынан алсақ, француздар «тэ», ағылшындар «ти» деп атауды оңтүстік қытай диалектісінен алған.Қытайлықтардың аңызы бойынша, Дарма есімді үнді ханзадаларының бірі Буддаға табынады екен. Ол бүкіл қытайды осы дінге енгізуге құмартыпты. Бұл үшін ол күндіз-түні тынбай, көз ілмей еңбек етуге тиісті болыпты. Бірақ, бір күні байқамай көзі ілініп кетіпті. Соған күйінген ол кірпіктерін кесіп алып анадай жерге лақтырып жіберсе, кірпіктері сол сәтінде бұтаға айналып кетеді. Осы бұтаның жапырағын аузына салып, дәмін алып көрсе шаршағаны басылып ханзаданың ұйқысы қашады.Бір қызығы шай мен кірпік сөзі қытай иероглифінде бір таңбамен белгіленеді. Бізге жақсы таныс байха шайы да осы аңызбен сабақтасып жатыр. Шай қорабының сыртындағы байха «Бай-хао» сөзбе-сөз «ақ кірпік» деп аударылады. Қытайлар шай жапырағының төменгі жағындағы ашық түсті мүк секілді талшықтарды солай атайды. Олардың санына қарай шайдың сапасы анықталады.Ертеде қазақтар осы шайды «аққұйрық» деп атаған екен.Қазір Қытай дүниежүзі нарығына шай өндіріп, сатудан соңғы орындарда қалды. Франция үшін шарап қандай тарихи, әлеуметтік-экономикалық маңызы болса шай өндіру қытайларға сонша маңызды. Қытайлар көк шай өндіруден қазір де ешкімге дес бермейді. 150 жыл бұрын ағылшындар шайды қытайлардан сатып алып келді.3498Шайға сұраныс артқан соң қаржы шығындамау үшін (шайды кемемен Еуропаға жеткізу өте қымбатқа түсетін, әрі сапасы нашарлайды) шай бұталарын өз отарлары – Үндістан мен Цейлонда өсіруді қолға алды. Ең алдымен Үндістанның Ассам штаты кейінірек Цейлонда ( 1972 жылға дейін Британ доминоны осылай аталады, бұл қазіргі Шри-Ланка).Канди ауданынан жиналатын Цейлон щайы бізге кең танымал. Ағылшындарға еңбек күшінің арзандығы, шай бұтасы егілетін алқаптардың үлкендігі өте көп пайда әкелді және Қытайға шай тәуелділігінен құтқарды десе де болады.Үндістанға келсек, мұнда шай бұталары негізінен солтүстік бөлігінде өсіріледі. Бізге белгілісі Ассам мен батыс Бенгалия штаты. Орисса штатындағы көптеген алқаптар жарнамадан түспейтін «Брук Бонд», «Юнилевр-Липмтон» компаниялар иелігінде.Ертеде шайды адамды түрлі улану кезінде және ой, дене еңбегінен шаршағаннан арылу үшін дәріге ішкен. Қара шайға қарағанда көк шай адам ағзасына өте пайдалы. Мысалы: Өзбекстан тіс дәрігерлері оқушылардың тіс ауруымен сирек ауыратыны байқаған. Кейін белгілі болғандай көк шайдың құрамында эмальдың бұзылуына жол бермейтін фторлы заттар бар екен.Шай бүйрекке тас байлануды болдырмайды. Қытайлықтарға бұл аурудың белгісіз болып келуі сондықтан. Көк байха шайы қырқұлақ және дәрумен жеткіліксіздігіне бірден-бір ем. Алғаш Еуропада шай алтынға бағаланғандықтан, тіпті оның зияндылығы туралы пікір қалыптасқан. Әр халықтың шай әзірлеуде өзіндік ерекшеліктері бар дәстүр қалыптасқан. Мысалы қытай, жапон халықтары шайға қант қоспай ішеді. Орыс, голланд және көптеген Еуропа елдерінде қанты бар шайды ұнатса, қырғыз, қалмақ, моңғол, тибеттіктер шайдың дәмін тұзбен келтіреді. Ағылшындар сүт үстіне шай құяды, керісінше істеу надандық болып саналады. Олардың пайымдауынша бұлай ету шайдың дәмін жоғалтып хош иісінен айырады делінеді. Голланд, шотланд, қалмақтар керісінше шай қайнаған соң сүт қатады.Шай ішу жапондықтар үшін үлкен рәсім. Қатал дзен-буддизмге құрылған «гя-до» шай ішу рәсімі әуелде Қытайда пайда болған. Кейін бұл рәсім жапон тұрмыс салтына еніп кеткен. Содан бері рәсім тәртібі онша өзгермеген. Жапондар өздерінің ерекше көк шай «о-тяны» қант салмай ішеді. Кез-келген мекемеде «отякумдар» яғни шай дайындап құюшы хатшы қыздар болады екен. Олар күніне 3 рет қызметкерлерге шай дайындап береді. Жапондар шай өсіргенімен оны сыртқа шығарып сатпайды десе де болады.