+2 дауыс
Осы бағытта көп жылдардан бері келіссөздер жүріп келе жатыр ғой. Еліміздің дүниежүзілік сауда ұйымына кіруден үміті зор дейді нағашым. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірсек не болады екен дейді атам. Нағашым 'жақсы болады' дегеннен басқа жауап айта алмайды. Осы жайлы мәліметтер бере аласыздар ма?
09.02.2014 953 қаралым

1 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

ДСҰ-на қорықпай кіру үшін еліміздің экономикасы, өндірісі мықты болуы керек. Сол кезде ғана ДСҰ арқылы барлық елдердің рыноктарына еркін кіре аламыз. ДСҰ-на кірсек, елімізді Қытай мен Ресейдің тек тауарлары ғана емес, азық-түліктері де жаулап алады. Яғни, азық-түліктің бағасы түседі. Бірақ, өзіміздің азық-түлік өндірушілер банкротқа ұшырайды. Мысалы, Қызылорда облысының күрішшілері, кондитер фабрикалары, арақ-темекі зауыттары, т.б. Өйткені, қазір үкіметіміз бұл тауарлардың сырттан келуіне тыйым салып қойған.

09.02.2014
127,962Сұрақ
322,896Жауап
153,169Пікір
73,019Қолданушы