+1 дауыс
3.3k көрілді
Менің сіздерге өтінішім бар еді. Біз бір топ студенттер жастар ұйымын құратын боп жатырмыз. Мақсатымыз айқын, еліміздің, ұлтымыздың өзекті мәселелерін көтеріп,өркендеуіне, тіліміздің дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Соған жақсы атау мен эмблемасын жасауға көмектесіп жіберіңіздерші. Сіздердің көмектеріңіз бізге үлкен демеу.
биз тилге байланысты бир сайыста топ атын ЖАНСУСАР деп атаганбыз.

4 жауап

0 дауыс
Нар тәуекел деп қойыңыздар қандайда істі бастамас бұрын тәуекелге бару керек ал нар дегеніміз батылдықтың белгісі
0 дауыс
Жасұлан деп атауын қоюға болады.
+2 дауыс
"Алла" деп бастаған екенсіңдер сәттілік тілеймін. Ұйымдарыңның айы оңынан туғай. Менің ойымша, тобыңыздың атын Серпер деп қойыңыз. Неге десеңіс серпер қанша ұрсада иілмейтін, орнына қайтып келетін берік металдың түрі. Сіздерді серпер секілді ешқашанда тайсалмаңыздар.
0 дауыс
"ҮШТҰҒЫР" деген есімді ұсынамын. Тұғыр деген жеке, жалғыз өзі деген сөз. Мысалға: үштұғырлы тіл дейміз. Мұндағы мағынасы: үш тіл, үшеуі жеке жеке, бір біріне еш кедергі етпей дами береді деген сөз ғой. Топтарыңда 3 адам болса тіптен жақсы.

"ZhaSStar" - қазіргі кезде кез келген топ (бишілер тобы, іс шаралардағы топтар) осы атты қолдана береді.

"Ержүрек", "ДинаМит", "KzBoy", "Жалын", "NoComments", "PatRiot", "ҚасСсақ" сайыстарда қолданылады.  Әрқайсысының өз астары бар, ойланып қарасаң.
Рахмет! Бірақ, бізге артылған сенімді ойымызға салып тұратын, алға жетелейтін, жігер беріп тұратын ат керек. Мұндай аттар жеңіл, адамға жақсы әсер етпейді деп ойлаймын. Біз ЕЛ жүгін арқалағалы жатырмыз. Негізгі ойымды түсінген шығарсыздар.
Ойыңыз дұрыс, менікі тек идея ғой. Тек ондай аттарды табу қиын да... Әрине жақсылық әрқашанда  қаптың түбінде жатады ғой, табуың қиын.
...