0 дауыс
858 көрілді

Дүниежүзілік Сауда ұйымының қатарына Қазақстанның қосылуы Қазақстандықтар үшін тиімді ма?

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымының қатарына қосылуға байланысты ұзақ жылдар бойы жүргізілген келіссөздердің сәтті аяқталуына байланысты үндеу жариялады.

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталуына байланысты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына үндеуі

Құрметті қазақстандықтар!

Еліміз аса маңызды тағы бір тарихи оқиға қарсаңында тұр. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді табысты аяқтадық.

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біздің экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайды. Кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Ал тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасауға жол ашады.

Бүгінде сауда-саттығымыздың 90 проценті Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдан да тартымды бола түседі. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер туады. Біз бұл нәтижеге жету үшін 19 жыл табанды түрде жұмыс жүргіздік, келіссөздер оңай болған жоқ. Осы жылдары біздің үкімет және сарапшыларымыз елімізге тиімді шарттарға қол жеткізу үшін талмай еңбек етті. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарын ұштастыра алдық. Бұл ретте ұлттық мүдделерімізді де қорғай білдік.

ДСҰ-ға мүше болу – күллі Қазақстанның жеңісі. Бұл – еліміздің жаһандық экономиканың бөлінбес бөлшегі ретінде мойындалуының айғағы. Ұйым мүшелігіне Бес халықтық реформаны іске асыруға кіріскен кезеңде қадам басуымыздың символдық мәні бар.

Біз жаһандық нарық шарттарына сай болу үшін үлкен дайындықтан өттік. Отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасадық. Бірыңғай кедендік және экономикалық кеңістікте шыңдалдық. Алдымызда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бәсеке күшейеді. Оған дайын болуымыз керек. Себебі, шетелден келетін тауарларға біз шекарамызды ашамыз, тауар Қазақстанға көптеп келетін болады. Сапасы жоғары болса, бағасы төмендеу болса, ол тауарларды халық тұтынып, біздің тауар өндіретін кәсіпорындар жұмысының тоқтап қалу қаупі бар. Барлық бизнесмендерге менің талайдан бері айтып келе жатқаным сондықтан: бәсекеге сай болу керек.

ДСҰ беретін артықшылықтарды пайдалана білетінімізді дәлелдеу қажет болады. Бұл Қазақстанның қолынан келеді және біз әлемнің озық елдері қатарынан лайықты орын аламыз деп кәміл сенемін.

7 жауап

+2 дауыс
Қазақстан дсұ ға мүше болуға дайын емес. Өз басым қарсымын. Кірме оған
+1 дауыс

Біздің© өнімдердің сапасы еуропа сапасынан төменірек, әрі біздің өнімнің бағасы да жоғары... Жұмыс орындары қысқарады. Халық міндетті түрде шетелдік тауарды© таңдайды, себебі бағасы бұрынғыдан арзандайды. Біз™, расында, дайын емеспіз деп ойлаймын. 

+1 дауыс
жалпы Қазақстан  кез келген ұйымға мүше болуға тырысады,*әлін білмеген әлек *дегендей әр затқа басын сұға береді екен.халық қарсы болса да бізді кім тыңдасын? көрерміз не болатының жұрпен бірге)
0 дауыс
Мен қолдаймын 100%
0 дауыс
Шетелдің тауарлары рыноты басып кетпеу үшін мемлекет түрлі шаралар жүргізу керек.Жалпы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру дұрыс деп ойлаймын.Бірақ біздің еліміз бұған дайын ба?  Мен және халықтың көпшілігі Қазақстанның Ресей ,Белоруссия болып  Еуразиялық Одақ құруына қарсы болдық. Ресейдің нені көксеп отырғаны бесіктегі балаға дейін белгілі еді ғой.  Бірақ, біздің сөзімізге құлақ асып жатқан ешкім жоқ.Халықтың қамынан көрі өз пайдасын ойлап отырған басшылар басқарып отырған елміз ғой. ( Бәрі деп көпке куйе жағуға болмайды ,  көпшілігі )
0 дауыс
Біздің алып-сатар кәсіпкерлерге қиын болатын болды.Негізссіз бағаларды шарықтатып жіберетін еді.Енді әлемдік тауар өндірушілермен бәсекеге түсуге тура келеді
0 дауыс
қолдаймын. дұрыс болды. біз ештеңеден ұтылмаймыз. Аман болсын Елбасымыз
...