Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болудың жақсы жақтары қандай?

+2 дауыс
879 қаралым
Осы бағытта көп жылдардан бері келіссөздер жүріп келе жатыр ғой. Еліміздің дүниежүзілік сауда ұйымына кіруден үміті зор дейді нағашым. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірсек не болады екен дейді атам. Нағашым 'жақсы болады' дегеннен басқа жауап айта алмайды. Осы жайлы мәліметтер бере аласыздар ма?
• Санаты: Қоғам

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап

ДСҰ-на қорықпай кіру үшін еліміздің экономикасы, өндірісі мықты болуы керек. Сол кезде ғана ДСҰ арқылы барлық елдердің рыноктарына еркін кіре аламыз. ДСҰ-на кірсек, елімізді Қытай мен Ресейдің тек тауарлары ғана емес, азық-түліктері де жаулап алады. Яғни, азық-түліктің бағасы түседі. Бірақ, өзіміздің азық-түлік өндірушілер банкротқа ұшырайды. Мысалы, Қызылорда облысының күрішшілері, кондитер фабрикалары, арақ-темекі зауыттары, т.б. Өйткені, қазір үкіметіміз бұл тауарлардың сырттан келуіне тыйым салып қойған.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,832 сұрақ
322,464 жауап
153,161 пікір
73,004 қолданушы