Нақтылай қандай да бір жаттығуды жасаған кезде бой өседі делінетін дерек табылмады. Ал белтемірде (турник) тартылу әлі де аңыз ғана. Әрине, белтемірде жаттыққан жасөспірімнің бойы өсуі мүмкін, бірақ бойдың өсуі нақтылай белтемірдің әсерінен болғанын анықтау өте қиын. Ал ауыр темір көтеру, әсіресе 17 жастан кішілерге ауыр тиеді. Ал ең жақсы әдіс деп ғалымдар ұйқыны айтады. Егер ұйқыңыз тыныш болса бойыңыз да тез өседі.
Бойды өсіретін азық-түлік
Бойдың өсуіне тікелей әсер ететін дәрумен – D дәрумені және мырыш (цинк). Бұл элементтер адамның нәресте кезінде-ақ ағзаға жетуі керек. Ал ересек адамдар бұл дәруменді қанша қабылдаса да бойының өспеуі әбден мүмкін. Бұдан басқа, кальцийдің де бойға әсері барын көп естиміз, мәселен құрамында кальций бар азықты қаншалықты көп жесек, соншалықты бойымыз биік болады деп ойлаймыз. Бірақ бүгінге дейін кальцийдің бойды өсіргені жайлы ғылыми дәлел кездеспеген.