Қыз алып қашсаң 15 жыл отырасың дегенге келісесіз бе?

+4 дауыс
1.0k қаралым

Кеше ғана депутаттар осындай заң шығару керек дейді.Бұл заң күшіне кірсе,онда қазақтың қыздары ақша жасап жүре ме деп ойлайсың.Сүрбойдақтар 15 жыл түрмеге шіріп кетпесе болды.15 жыл емес,15 күн де жетеді деп ойлаймын.

• Санаты: Қоғам

21 жауап

0 дауыс

Бауырластар, асығыс пәтуа шығармаңыздар!!! Депутаттар түрмеге 15 жылға өзінің бауырын (халқының санын көбейту үшін, тілі мен дінін сақтап қалу үшін) отырғызғысы келсе оңған екенбіз. Депутаттардың көкейінде халқының жағдайын шынымен - ақ ойлағаны деп ұқсаңыздар - (әрине анығын Алла т.ғ. білер) меніңше ол қате ұғым. Депутаттарға не керек? - бұл кезекті "ПИАР" !!! Өздері бір көтерілмеген мәселені төбесінен қойып қалып, халыққа жақсы көріну. Басқа амалдары жоқ, өйткені білмейді, өйткені қорқады және оған ол мансабы үшін тиімді емес!!! Жанұя құрамын деп отырған жап-жас бауырларымызды 15 жылға шетінен соттап жатсақ - біз сонда кім болдық??? Бай баласында байлығы жетеді, құда түсіп, сырға салып әкетуге. Ал кедей баласында не бар???  Ол байқұста соңғы үміт - ол алып қашу. Және де байдың қызы мен кедей баласы бір-біріне ғашық болғанда баратын амалы бұл!!! Қазақ баласы 15 жыл емес мәңгілікке соттап жіберсеңде өзінің махаббаты үшін аянбас!!! Ал анау осы 15 жылға соттағыш депутаттар (әрине анығын Алла т.ғ. білер) өздері де алып қашқан шығар әйелдерін??? Мен "алып қашу" дәстүрін түбегейлі қолдағаным емес, кейінгі кезде қатты белең алған батыс мәдениетінің қазақ дәстүріне қол салып, оны ығыстырып өзіне бағындырып бара жатуына қарсымын. Бұл мәселені соттап емес, тоқтап шешейік. Мүмкін бұл дәстүріміз "Саина көшесіндегі" қыздарымыздың азаяуына себеп болар. Естеріңізде болсын, қазақ атам бекер айтпаған - "тайынша көзін сүзбесе - бұқа жібін үзбес еді!!!", өз қыздарыңызға еге болыңыздар, "қызға 40 үйден тиым" дегенді ұстаныңыздар. Одан да "жеңіл жүрістегі" қыздарды соттаңдар, олар ауру тудырады, ұлтымыздың шырқын бұзады. Ұлтыңыздың қамын ойласаңыздар - сабырлықпен шешіңіздер бұл мәселені. P.S. Депутат құдай емес, түрмені "қыз алып қашқандармен" емес "пұл алып қашқандармен"  толтырайық!!! 

0 дауыс

Мына жерден 70-тегі шалдың 21 жастағы қызды алып қашқанын оқығанда http://jakup.ucoz.ru/news/zhetpistegi_shal_zhiyrmada_y_yzdy_alyp_ash_an/2014-01-24-185 әйтеуір бір қаталдау заң артық етпейтін сияқты.

0 дауыс
Қыз келісімін берсе неге алып қашпасқа) ал қыздың келісімінсіз алып қашып , арам істерін жүзеге асырса ол қылмыс болады , 15 жылға соттаған дұрыс.
–1 дауыс

Дұрыс солай жасау керек. Адамды қалауынсыз алып қашып, үй шаруасын істетіп қойған кімге ұнайды дейсің?!

0 дауыс

15 жыл тым артык емес пе? адам олтиргенге ары кетсе 7 жыл наркоманга 20 жыл енди кыз алып кашканга 15 жыл дейд)) бул казактын заны недеген десениздерши?

менше 5 жыл жеткиликти (егерде ол кызды озинин келисиминсиз алып кашса) бар гой ондай жагдайлар--- сырттан андып журып машинага басып алып кететин- вот сондайларга 5 жыл беру кажет

ал оз еркимен кашкан кыз болса онда ол кылмыс емес

0 дауыс

Қарсымын.Қыз алып қашу деген ол ата бабамыздың салт-дәстүрінің бірі.мынадай болса эканом деген ҚАЗАҚСТАНДА азяды ғой

Ұқсас сұрақтар

+4 дауыс
12 жауап
127,761 сұрақ
322,326 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы