+4 дауыс
893 көрілді

Кеше ғана депутаттар осындай заң шығару керек дейді.Бұл заң күшіне кірсе,онда қазақтың қыздары ақша жасап жүре ме деп ойлайсың.Сүрбойдақтар 15 жыл түрмеге шіріп кетпесе болды.15 жыл емес,15 күн де жетеді деп ойлаймын.

21 жауап

0 дауыс

Мен қарсымын.Қазақтар бұрынғы кезде қызды алып қашқан.Қазіргі өмірде қыз алып қашу қылмыспен тең.Әр қалада әртүрлі.Алып қашқан адамға 10 берседе жетеді.

келісіп  алуға  боладығой
+3 дауыс
Бұл заңға мен келісемін. Қаншама қыздар алып қашудың құрбанына айналып жатыр әрине бақытты болып жатқандар бар бірақ... дәл қазыр өте аз! қыз алып қашу қыздың намысын таптағанмен тең!!!
+1 дауыс

Қызды рұқсатсыз алып қашу деген-адамды ұрлап кету ғой.Егер қыз рұқсатын беріп тұрса,алып қаша беруге болады ғой.Бірақ алып қашқанға 15 жыл  көптік қылады,5-6 жыл жетеді ғой негізі.

+1 дауыс

Қызды еркінен тыс алып қашу деген адамды бостандығынан айырумен тең қылмыс. Сол үшін бұрында да қылмыстық іс қозғалатын. Бұл туралы "Шаңырақ" деген фильм бар.

+1 дауыс

Мүмкіндігінше ата-анамен келісіп, алып қашпай сүйлену қажет.

+1 дауыс
Менімше мен бұған қарсымын.Себебі қыз алып қашсаң 15 жылын түрмеде өткізу масқара.5 немесе 3 жыл берседе болады
+1 дауыс

қызға үйленейік деп , сезіміне сендіре алмаған адам алып қашады . Дұрыс емес ол , әрине келісемін . 

+2 дауыс

Келісіммен үйленген дұрыс. Алып қашу деген бәле Оңтүстіктен басқа еш жерде жоқ. Ал мынадайларды 15 жылға соттау аздық етеді.

mina adamdardiki rasinda tarbie kormegendik eken... ozderinin de kizdari bar emes pe... kalmaimin degen kizdi adam sekildi jibermei me...
не  деген  масқара! осылай  қыздын  өмірін  сорлатады  әрине  осындай  жағдайдан  соң  ажырасу  көбейеді.
недеген хайуандык!! Алладан кайтсын!
Оңтүстіктің сондай жабайы болғаны ма?!
ОЛАЙ  КӨПКЕ  ТОПЫРАҚ  ШАШУҒА  БОЛМАЙДЫ.  5 САУСАҚ  БІРДЕЙ  ЕМЕСҚОЙ  БІРАҚ  БІР  ҚҰМАЛАҚ  БІР  ҚАРЫН  МАЙДЫ  ШІРІТІП  ЖҮР  ӨКІНІШКЕ  ОРАЙ.....
Ей пікір жаза бермеңдерш болды.
Дұрыс айтады, қояйық бұл форум емес!
0 дауыс

Бұл заңды қабылдау өте сорақылық. Мен қызды келісімсіз алып қашу дегенге үзілді - кесілді қарсымын. Бірақ осы заңды қабылдау бізге әлемдік өркениеттің алдында:  "біз әлі осындай жексұрын әдетіміз бар феодализмнің шырмауындағы елміз"- дегенді мойындау сияқты болады. Ал бұл өз кезегінде Борат сияқты көкезулердің ақталуына, жоғарғы аренадағы саясаткерлердің біздің елдің демократиясына сенімсіздік ұялатуына әкелетін сияқты. Тағы бір сорақысы осы бір жексұрын әдетті қазақ қалқының салты дейтіндердің барлығы. Қазақ халқында еш уақытта қыз алып қашу деген болмаған, тек ата-келісімін ала алмаған ғашықтар ғана қашатын болған. Енді осы заңның аясында қыз - жігіттің махаббат тағдырын ата - ана уысына салып береміз ба деп қорқамын. Мың жерден айтсақ та біз ата - аналардың бәріміз бірдей періште емес екеніміз анық қой. Ертең бір - бірінсіз тұра алмайтын ғашық екі жас қыздың әке-шешесі атаған соманы таба алмай этаждың басынан қол ұстасып секіріп кетіп жатпай ма? Болмаса бүгінгі ғашықтардың ертең жары бітіп жауласып жататыны тағы бар, сол кезде қыз жағы осы заңды қару қылып жүрмей ма? Қалай десек те шикілігі жетерлік. Мүмкін заңның формулировкасын  " Екі жастың өзара келісімінсіз, зорлықпен..." - деп өзгертсе қалай болар, бірақ бұндай заң бұрыннан да бар менімше. Қалай болғанда да бұл заң біздің заң шығарушылардың деңейін айғақтап тұр. Күні кеше ғана жол жүру ережесін бұзғандарды түрмеге тоғытқысы келгеннен түк шықпағаны есте. Егер біздің құрметті заң шғарушыларымызосы бағыттан таймаса  келесі кезекте 100 аурухана, 100 мектеп деген сияқты 100 түрме бағдарламасы тұрған болар.

йя бизде баскада манызды маселелер бар шешимин таппай жаткан
0 дауыс

Жоқ 15 күн емес 15 жыл отыру керек!

+1 дауыс

Жалпы жеті жарғының өзінде қазды не әйелді еркінен тыс иемденсе, жазасы өлім делінген. Қазақ қыз алып қашса, қалыңмалға маталған қызды, сүйетіндігін дәлелдеп, келісімімен алып қашқан. Бейберекет алып қашу "билер соты" әлсіреген тұста шықса керек. 15 жыл көп шығар, бірақ 15 күнің аз енді. Қыз келісімімен кетсе, онда қолдауға болады. асқа біреумен отасқалы жүрген жанды зорлап алып кетсе, тек жігітті емес, қасындағыларын да қосып қамап қою керек. 15 жылға емес бірақ. 1 жыл, есерсоғына 2 жыл дегендей.

 

–1 дауыс

15 жыл деген көп болады. 5 жыл десе болады, негізі менім ойымша егер бұл заң қабылданатын болса тұрмысқа шықпай (отырып қалатын) қыздар көбейіп кетпейме? осы жағында ойлау керек сияқты

–1 дауыс
15 жыл деген көп болады. 5 жыл десе болады, негізі менім ойымша егер бұл заң қабылданатын болса тұрмысқа шықпай (отырып қалатын) қыздар көбейіп кетпейме? осы жағында ойлау керек сияқты.
0 дауыс

Алып қашуды бөлек қарастыруға болмайды, дәстүр болғанымен де заңға бағынуы тиіс. Келісілген кезде заңға қарсы келмейді. Өзге жағдайларда ӨЛІМ Жазасына да беруге болады деп ойлаймын. Өйткені түрмеден ақша беріп құтылуы мүмкін.

0 дауыс

15 жыл дегенди ким кайдан алды, оттаган ангиме. Адам олтирип 5-7 жыл алып жатканда 15 жылды дурыс деп отырган жазгыштарга таным бар, ары кетсе 3 жыл жетеди.

...