+4 дауыс
3.2k көрілді
Өмірде түрлі-түрлі жағдайлар болып жатады. Бір мысал келтіре кетсем, мәселен, бізде дебат өтті қалалық. Сол кезде біз бірінші орынға шығып тұрған едік. 40 команданың ішінде 257 баллмен алда тұрдық. келесісі 214 баллмен 2ші орын болып тұрды. Финалға өттік, Ойынды ойнап біттік. Негізі, айтқанда даттаушылар біздің кейсімізді мүлдем құлата алған жоқ. Ең аяғында, төреші сараптама жасаған кезде , біздің әрбір сөзімізге тиісумен болды, әрбір сөзімізді жоққа шығарып отырды. Сол кезде төрешінің айтқан сөзі: сіздер жеңілгендерінізбен, деп сондай нәрселер айтты. Сонда, мына төреші өз сөзінен өзі ұсталып отыр ғой. Шынымды айтсам, осы кезде мынадай сұрақ қойғым келді: сіздерге қанша төледі деп. Бірақ, жарайды деп сабыр сақтап, айтпадым. Ал ол кезде қалған 2 төреші өз сараптамаларың айтқан да жоқ.  Және де төрешілер - студенттер болды. Меніңше, олар өздері келісіп алған сияқты. Демек, олар Кім 1ші, кім2ші және 3ші орындарды алдын-ала кімге беретіндерің келісіп қойған. Егер, ойында осындай әділетсіздік орнап жатса, мүмкін өмір әділетсіздіктен тұратын болар. Қалай ойлайсыздар?  "Өмір - әділетсіз" дегенмен келісесіз бе?

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Өмір - әділетті. Бірақ, өкінішке орай, кей кездерде осындай жағдайлар болып тұрады. Өзім дебат ойнаймын. Мұндай оқиғалардың талайына тап болғанмын. Тіпті кей кездері төреші бізді танығандықтан бізге жеңіс немесе қарсылас топты танығандықтан оларға жеңіс қойып жатады. Басында мен де ашуланып, ызаланып "Неге олай?" деп, күйіп-пісіп жүретінмін. Тіпті сол үшін дебаттан кеткім келген де сәттер болды. Бірақ қазір үйрендім. Көз жұма қарайтын болдым. Ең бастысы - жеңіс емес. Мен үшін дебатта ең бастысы - қатысу, білім алу, өз көзқарасыңды білдіру, достар табу...т.б.
Өмір - әділетті. Жақсы адамдарға сынақты көп береді. Тек сол сынақтардан өту керек және сабырмен күте білу қажет. Бір жолы осылай болса, келесіде бәрі әділ болады деп ойлаймын)
Ерте ме, кеш пе?! Әділеттілік бәрі бір жеңеді. Шынымен де дебатты жақсы ойнайтын болсаңыздар, әлі талай белестерді бағындырасыздар деген сенімдемін:)
Пікіріңізге рахмет! Иншалла әлі талай белестерді бағындырармыз деп ойлаймын.
Сіз айтқандай, дебат адамға көп нәрсені үйретеді.
Пікіріңіз үшін тағы да алғыс айтамын.
Рахмет!
Оқасы жоқ! Алла бұйыртса, бағындыра жатарсыздар) Оған кәміл сенемін! ТЕК ҚАНА АЛҒА!!!
Рахмет!..
+1 дауыс
Я ол әрқашан осылайғой. Менің мысалы бір ағам научный қорғауда болғанда, Карим Масимовтың  90 жылғы жиені 1ші орын алыптығой.  Менің ағам айтады, мысалы жалпы жарыстарға келгенде адамдар бір-бірімен танысып, біліспейді ме, ал ол шеткеріде жалғыз өзі шалқиып тұрған. комиссияда отырғандар тіпті сұрақта қоймаған, өзі болса кәдімгі қағазына қарап тұрып оқып беріпті. (қатысушылардан ұялып бір 7 минуттық қорғайтын нәрсені хотябы жаттап алса несі кетіпті)
Ағамның сондағы түрін көрсең сең, іші күйіктен өлетіндей болып келдіғой, қасындағы  жарысқа қатысқан әр облыстың  жігіттері болып тіпті жабылып ұрып кеткісі де келген. Әділетсіздік деген сол енді,қайтесің,көнесің, көнбеске амал қанша....
Иә, дұрыс айтасыз. Сіздің ағаныз қандай күйде болса, мен де дәл сондай күйде отырмын...
Пікіріңізге рахмет!
Ол омирдин емес адамдардын адилетсиздиги
+1 дауыс
Менше әділетсіз!!!!
Айрылдық-ау, кейде таза көріктен,
Сөздер қайда тасты майдай еріткен,
Өзгерсе де әлем қанша құбылып,
Әділеттің орнамауы неліктен?
0 дауыс
Өмір әділетсіз.Кімде ақша бар-билік сода.соның сөзі өтімді,әрқашан соныкі дұрыс болат.Бұл-әділетсіздік
Өмірдің өзі ақ пен қара дан тұрады.Бұл өмірге келгесін жақсылықты да жамандықты да көресің бұған мойымау керек.Кімде ақша мен билік бар соның сөзі өтімді деп мойымау керек.
+1 дауыс
Ия, шынымен адiлетсiздiк жасауга болады. Заманын тулкi болса, тазы болып шал деген. Адiлетсiздiктi корiп те, корсетiп те кордiк. Несi бар, омiрде барлыгы идеалды емес дегеннен баска айтар жок.
амиго қайда жүрсің? опера минимен отырғаның қай сасқаның
Амиго пойызда жатыр)
Жолың болсэн амиго.
0 дауыс
Негізі адам баласы өмірі қалай елестесе солай болады. Кейде бізден өмір теріс айналып өмір әділетсіз секілді көрінеді . Бірақ ол қате пікір. Ең бастысы өмірде ешқандай қиындыққа мойымау крек ТЕК АЛҒА!!!
0 дауыс
Қандай керемет жауаптар!!!
0 дауыс
Өмір барлық адамға әділетсіз болса, бұл өмірді әділ етпейді ме?
Өз ойым
...