+5 дауыс
21.0k көрілді
Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?Қалай ойлайсыздар?

9 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Еңбек етсең ерінбей тояды қарының тіленбей дейді.Ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
0 дауыс

Елді әлеуметтік жаңғырту – ерекше міндет. Облысымызда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты мақаласы кең қолдау табуда

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламалық мақаласының бұқаралық-ақпарат құралдарында жариялануы елімізде үлкен серпіліс туғызды.
Осыған орай “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі И.Жүнісханов, филиалдың заң кеңесшісі Н.Жәменков, облыстық мәслихат депутаты Е.Смышляева журналистерге сұхбат берді. Олардың мәні мынаған саяды:
– “Нұр Отан” партиясының Қостанай облыстық филиалы 16 шілдеден бастап ел Президенті, партия жетекшісі Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласын насихаттау және түсіндіру бойынша ақпараттық компанияларды бастады. Осыған орай, облыстық партия ұйымы жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бірқатар шараларды ұйымдастырды. Атап айтқанда, саяси кеңестердің кеңейтілген мәжілістері, мәслихаттардағы партияның депутаттық фракцияларының мәжілістері жоспарланды. Аудандық ақпараттық-насихаттық топтардың селолық округтерге шығу графиктері жасалды. Бүгіннен бастап осы мақсатта Парламенттің Мәжіліс депутаттары О.Киколенко мен И.Аронова Рудный қаласы және Меңдіқара ауданына жүріп кетті.
Аталған мақала жарық көр-геннен кейін қалалық және аудандық партия ұйымдарына жұртшылық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жөнін-де ұсыныс жасалды. Бұл жұ-мысқа партия активі, саяси кеңес мүшелері, Мәжіліс депутаттары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары тартылатын болады.
Президенттің бұл бағдарламалық мақаласының ел болашағы үшін маңызы аса зор. Онда Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртуды күн тәртібіне бес не-гізгі басымдықтар бойынша енгізу көрсетілген. Соның алғашқысы – әлеуметтік заңнамаларды жаңғырту.
Барлық маңызды салалар – білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, азаматтық қоғам институттарының қызметі және тағы басқалар арнайы заңнамалық актілермен реттеледі.
Еңбек заңнамасы кодталған, құқық шеңберінде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді.
Екінші – әлеуметтік еңбек қатынастарының тиімді модельдерін қалыптастыру.
Тәуелсіздіктің екі онжылдығы ішінде жұмыспен қамту саласы аса зор өзгерістерге тап болды. Жұмыспен қамтылған халықтың саны 700 мыңнан астам адамға өсіп, 8,4 миллион адамға жетті.
Көптеген адамдар еңбекті өз бетімен ұйымдастыруға, еңбек біліктілігін өз бетімен алмастыруға қабілеттілік көрсетіп, бизнесмендерге айналды.
Үшінші – Өмір сапасының қазақстандық үлгі-қалыбы, төртінші – әлеуметтік жаңғыртудың ақпараттық-мәдени құ-рамдасы және бесінші – Әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесі.
Мақалада бұлардың бәріне де кеңінен түсініктеме беріледі.
Қорыта айтқанда, айтулы мақаланың өзегі – еңбек. Тек еңбекпен ғана бар қиындықты жеңуге болады. Сондықтан да еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етейік, ағайын!

+1 дауыс
Адамды адам ететін - еңбек!!!
0 дауыс
Жүріп тұрудың өзі Еңбек сондықтан Жүріп тұрудың адам өміріңде денсаулығы үшін маңызды рөл атқарады!!!
0 дауыс
Еңбек етсең ғана бай боласың.Жта берсең саған ақша келмейддіғо
Жата берсей шығар
иа қателік кетіп қалған
0 дауыс

Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?

Адал нан тауып жеу  

0 дауыс
Адам өз мақсатына жету үшін,еңбек арқылы қадам жасайды

Маңызы:кедейшілік,ашаршылы
0 дауыс
Біз әрдайым еңбек етуміз керек.Еңбекпен тапқан нан әрдайым тәтті.
0 дауыс
"Теңдесі жоқ еңбек"

    Еңбек етсен еріңбей, тояды қарның тіленбей. Еңбек-ата, жер-ана. Еңбегі аздын өнбегі аз. Деп біздін ата-бабамыз айтқан. Адамға еңбек пайдалы деп ойлаймын. Себебі адам еңбекпен өзінің психологиясы мен физиологиясын дамытады. Және адамеңбектегенде өмір жасы ұзарады, экономикалық тәуелсіздік адамда пайда болады. Еңбек дегеніміз қазғалудан және ойланудан тұрады.

   Бүкіл әлемдегі техникалық,экономикалық,медициналық,физикалық жетістіктер. "Теңдесі жоқ еңбек" арқылы келді. Сондықтан балаларды ерте жастан бастап еңбекке баулып өсіру керек. Барлық адамдарға жемісті еңбек тілеймін. Барлық саладағы қызметкерлерге жетістік еңбек арқылы келеді.
...