+4 дауыс
1.2k көрілді
Ғажайып бар дегенге сенесіз бе?

12 жауап

0 дауыс
жоқ сенбеймін озінше сенесін бе?:)
СЕНЕМ, СЕБЕБИ КЕЙДЕ БІР НӘРСЕНІ ҰНАТҚАНДА СОҒАН ҚОЛ ЖЕТКІЗГІН КЕЛЕД,СОНЫҢ КАЛАЙ ҚОЛЫНА ТҮСКЕНІН БІЛМЕЙ ҚАЛАСЫҢ
+3 дауыс
Мысалы Қандай ғажайыпты айтасыз???  мен жалпы сенбеймін,көзіммен көрмейінше ...
Сенің мына әлемде екі аяқпен қиналмай жер басып жүргенің, ауамен дем алуың оның үстіне сен ұйықтап ес білмей жатқанда ішкі ағзаң есті түрде бір сәт тоқтамай тыныс алуың, құлағыңмен белгілі бір дыбыс толқындарын қабылдауың, аузыңдағы бір түйір ет арқылы әріптер жаратып сөйлеуің, көзіңмен айналаңдағы нәрселерді ең үздік мегапикселді фотоаппараттан артық көруің, қолыңмен қалаған нәрсеңді жасап, саналы түрде компьютердің клавиатурасында жазып отырғаның шын мәнінде керемет емес пе? Бұдан басқа қандай керемет керек сізге?
МЕН СІЗГЕ КЕЛІСЕМІН
ырзамын Қара Сақал
Қара Сақал мықты жаздың! Өмірлік тәжербиеі бай сияқты ғой!
Қара Сақал ризамын осы жауапқа!!!
0 дауыс
әр нәрсенің  де түр-түрі болады  гой... ғажайып та сол сиякты: біреу сенед біреу сенбейд.. әркімнің тусінігіне, ұғымына байланысты... мен сенем. ғажайып бар дегенге сену омір сүруге талпындырады...
0 дауыс
Айналамыз тұнып тұрған ҒАЖАЙЫП.
+4 дауыс
Ғажайып бар. Байқамаймыз. Керемет бар. Елемейміз.Сезім бар.Көрсетпейміз.Күш бар.Қолданбаймыз.Энтузиазм бар.Білмейміз.Жүрегімізде Иман бар.Ашпаймыз.Махаббат бар.Сүймейміз.
сөз тапқанға қолқа жоқ....
0 дауыс
Ғажайып бар...мен сенемін.Тіпті қыста аспаннан жауатын ұлпа қыраудың өзіде қайталанбайтын ерекше....
+1 дауыс
Сенем, бастысы уақыттың ғажайыбына сенем!!!
0 дауыс
Сенемін...Әлемде қаншама таң ғажайып оқиғалар болып жатыр,сенбеске болмайды!!!
0 дауыс
Мен сене бермеймін.Негізінде ғажайыпқа ертегі кітап көп тыңдағандар сенеді
0 дауыс
Қолмен ұстап, көзбен көрмейінше сенбеймін деп айта алмаймын. Өмірдің өзі ғажайып, табиғатта болып жатқан әр құбылысқа қарап таңғаламын. Жаратушының шеберлігіне, сондай күрделі жүйе құрастырғанына
–1 дауыс
Все это чушь)))))))

Сенбеймін
0 дауыс
Сенемін          .
...